Маңғыстау эксперименталдық ботаникалық бағында Tulipa L. сұрыптарының перспективтілік диагностикасының кешенді шкаласын жасау
DOI:
https://doi.org/10.26577/eb-2018-4-1361Аңдатпа
Мақалада Маңғыстау эксперименталдық ботаникалық бағы (МЭББ) коллекциясының қызғалдақтар сұрыптарының интродукциясын зерттеу нәтижелері баяндалып, сонымен қатар аридті Маңғыстау жағдайындағы қызғалдақтар сұрыптарының перспективтілік диагностикасының кешенді шкаласы сипатталған.
Зерттеу жұмысының мақсаты қызғалдақтардың перспективті сұрыптарын анықтап, неғұрлым сәндік сұрыптарының ландшафттық дизайн және Маңғыстаудың қалалары мен елді мекендерінің жасыл құрылыстарында қолданылу ауқымын кеңейту.
Маңғыстау облысының қалалары мен елді мекендерді көгалдандыруда қызғалдақтар қолданылмайды. Көптеген қызғалдақтардың голландтық сұрыптарын өзге климаттық жағдайларға жерсіндірілсе өзінің сәндік сапаларын толық көрсетпейді. Осындай сұрыптарға баға беру жұмыстарын жүргізу арқылы жаңа жағдайларда жерсіндірілген өсімдіктерден биологиялық және сәндік жоғары қасиеттерге ие неғұрлым перспективті сұрыптарды анықтауға мүмкіндік береді. Tulipa hybrida hort. сұрыптарының перспективтілік сапасын анықтау үшін фитоинтродукция практикасында кең тараған В.Н. Былов, Е.Л. Тыщенко және Ю.В. Тимкина әдістерінің шкаласын қолдана отырып, сұрыптың перспективтіліктігін бағалайтын жаңа аймақтық шкала жасақталды.
Қазіргі таңда МЭББ гүлді-сәндік өсімдіктер коллекциясында қызғалдақтардың 13 класына жататын 152 сұрыпы бар. Бұл жұмыста қызғалдақтар сұрыптарына бақылаудың екі жылдық нәтижелері келтірілген. Барлық отырғызылған қызғалдақтар сұрыптарының бейімділігі жоғары. Жерсіндірілген қызғалдақтар аридті Маңғыстауда қолайлы жағдайлар жасалынса жақсы өсіп, көгалдандыру жұмыстарында сәндік және перспективтіліктің жоғары дәрежесін көрсетеді.
Қызғалдақ сұрыптары үшін жасақталған аймақтық шкала 11 диагностикалық белгілерге біріккен 3 бөлімнен тұрады: биологиялық тұрақтылық; сәндік қасиеттері; репродуктивтік қабілеті. Сұрыптарға баға беру нәтижесінде аридтік Маңғыстау жағдайында қызғалдақтардан сәндік гүлдер композициялардың түрлі типтерін жасауға ұсынылатын 4 «орташа перспективтілік», 24 «көтеріңкі перспективтілік», 17 «жоғары перспективтілік» және 5 «өте жоғары перспективтілік» сұрыптары анықталды.
Түйін сөздер: интродукция, қызғалдақтар сұрыптары, кешенді шкала, перспективтілік, Маңғыстау жағдайы.








