Топырақ микрофлорасын қолдану барысында тау-сағыз (Scorzonera tau-saghyz Lipsch. et Bosse) өсімдігін дақылдау технологиясын өндеп шығару
4. Лабораториялық эксперимент жағдайында микоризациялау
DOI:
https://doi.org/10.26577/eb-2018-3-1346Аңдатпа
Scorzonera tau-saghyz - гевея каучугінен кем түспейтін, құрғақ тамырында 40%-ға дейін сапалы каучукты жинауға қабілетті, Қазақстанның эндемигі. Қазіргі таңда аталған түрдің санын арттыруға бағытталған ғылыми-зерттеу жұмыстары жүргізіліп жатыр, сондай-ақ, S. tau-saghyz тамырынан коммерциялық каучук өнімдерін алуда тиімді биотехнологиялар әзірленуде.
Ұзақ уақытқа созылған зертханалық тәжірибе жағдайында тау-сағыз өскіндерін микоризациялау жүзеге асырылды. Инокулят ретінде микориза түзуші саңырауқұлақтар рр. Claroideoglomus және Rhizophagus (Claroideoglomus etunicatum (Schüssler/Walker), Rhizophagus intraradices (Schüssler/Walker), Claroideoglomus claroideum (Schüssler/Walker)) пайдаланылды. Зақымдалған өсімдіктер тамырынан саңырауқұлақтарға тән құрылымдар, микоризаның арбускулярлы типі: сүзілмеген мицелий, везикулалар және арбускулалар анықталды.
Тәжірибенің микоризасыз үлгілеріне жүргізілген жұмыстарда инокулюмді енгізу барысында эндомикоризалар анықталған жоқ. Алайда, тау сағыздың зерттеу үлгілерінің тамырында микоризалық зақымдану жиілігі 100% құрады. Микоризатүзуші-саңырауқұлақтың инокулюмін енгізген өсімдіктің тәжірибе үлгілері, микоризалы үлгілерге қарағанда жақсы өсті. Микоризалық өсімдіктердің биіктігі мен жапырақтарының орташа саны микоризалық емес өсімдіктерге қарағанда 1,5 есе жоғары болды. Бұл тау-сағыздың далалық, сирек және жойылып бара жатқан түррінің тіршілігінде арбускулярлық микоризалардың маңыздылығын көрсетеді.
Эндомикоризді пайдалану S.tau-saghyz-дың табиғаттағы санын қалпына келтіруге және тамырынан коммерциялық каучук алуға бағытталған қазіргі заманғы, тиімді биотехнологияларды әзірлеуге елеулі дәрежеде ықпал етуі мүмкін. Аталған зерттеулер әлемдегі табиғи каучук деген сұраныстың артуынан, сонымен қатар Гевеядан басқа табиғи каучуктың баламасын ізеуде ерекше өзектілікке ие.
Түйін сөздер: Scorzonera tau-saghyz Lipsch. et G.G. Bosse, табиғи каучук, Glomeromycota, Claroideoglomus etunicatum (Schüssler/Walker), Rhizophagus intraradices (Schüssler/Walker), Claroideoglomus claroideum (Schüssler/Walker).








