Орталық және Солтүстік Қазақстандағы бұлақшалар (Trichoptera, Insecta) фаунасы

Авторлар

  • O. N. Sklyarova ЖШС «Қазақстан қолданбалы экология агенттігі», Қазақстан, Алматы қ.
  • V. N. Krainyuk ЖШС «Қазақ балық шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты» Солтүстік филиалы, Қазақстан, Қарағанды қ.
  • D. A. Smirnova ЖШС «Қазақстан қолданбалы экология агенттігі», Қазақстан, Алматы қ.

DOI:

https://doi.org/10.26577/eb-2018-3-1337

Аңдатпа

Жалпы Қазақстанда бұлақшалар фаунасы аз зерттелген. 2018 жылдың жағдайында Қазақстанда әлемдік фаунадағы белгілі 14548 түрдің  тек 17 тұқымдасқа, 59 тұқымға жататын 151 бұлақшалар түрі белгілі. Түрлердің біраз бөлігі Тян-Шан, Алтай тауларының таулы және тау бөктерлерлі аймақтарынан табылды. (Қазақстанның оңтүстік және шығыс бөлігі), солтүстік және орталық Қазақстанның бұлақшалары нашар зерттелген. Қазіргі уақытта Орталық Қазақстанда бұлақшалардың 22 түрі және Солтүстік Қазақстанда 13 түр белгілі. 2015-16 жж жинақтың нәтижесінде Орталық Қазақстанның бұлақшалар тізімі 1 түрге және Солтүстік Қазақстан бұлақшалар тізімі 4 түрге толықты. Molanna albicans (Zetterstedt, 1840) және Grammotaulius nitidus (Mueller, 1764) түрлері Қазақстан үшін бірінші анықталуы. Табылған түрлер лимнофильді және кең түрдегі голоарктикалық, транспалеарктикалық, транспалеарктикалы-бағдарлық таралуға ие. Фауналарды салыстыру нәтижесінде оңтүстік Орал бойына жақындығы бар, Солтүстікпен Орталық Қазақстан биографиялық бір аймақ екендігін көрсетті. Оңтүстік-Батыс Сібір фаунасына ұқсастығы едәуір төмен.

Мақалада көрсетілген түрлердің аталық жыныс мүшелері түпнұсқалық суреттермен көркемделген.

Түйін сөздер: Trichoptera, фауна, аталықтардың жыныс мүшесі, Орталық Қазақстан, Солтүстік Қазақстан.

Жүктеулер

Жарияланды

2018-11-15