Йодтың координациялық қосылыстарын in vitro жергілікті тітіркендіргіш әсерін зерттеудің балама әдістерін дамыту

Авторлар

  • А. О. Abekova әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Қазақстан, Алматы қ.
  • R. Т. Kenzhebekova АҚ «Инфекцияға қарсы препараттар ғылыми орталығы», Қазақстан, Алматы қ.
  • Zh. S. Abramova АҚ «Инфекцияға қарсы препараттар ғылыми орталығы», Қазақстан, Алматы қ.
  • R. А. Islamov АҚ «Инфекцияға қарсы препараттар ғылыми орталығы», Қазақстан, Алматы қ.
  • A. K. Nersesyan Медициналық университетінің онкологиялық зерттеулер институты, Австрия, Вена қ.
  • А. I. Ilin АҚ «Инфекцияға қарсы препараттар ғылыми орталығы», Қазақстан, Алматы қ.

DOI:

https://doi.org/10.26577/eb-2018-2-1335

Аңдатпа

Токсикологиялық тестілеуге  баламалы  әдістерін  әзірлеу  бірнеше  себептер  бойынша  өзекті болып табылады: а) уақыт және бірдей жағдайында салыстырмалы түрде қысқа мерзім ішінде заттардың үлкен  санын тексеру қабілеті; ә) in vitro  түрлi моделдерінің болуы; в) in  vi-    tro моделдерімен зертханалық жануарларды ауыстыру арқылы зерттеулердің құнын төмендету. Осы жұмыстың нәтижелерінің бірі экспериментте пайдаланылатын зертханалық жануарлардың санын азайту арқылы токсикологиялық зерттеулерді гуманизациялау болып табылады. Осыған орай, шырышты қабаттарға белгілі коррозиялық әсерін бағалау әдісін әзірлеу пайдалы болады, әсіресе йод және оның комплекстерінің биоорганикалық лигандтары бар заттарына.

Бұл жұмыстың мақсаты MTT-тестін пайдалана отырып, жаңа йодтың координациялық қосылыстардың (KҚ-143, KҚ-144, KҚ-145) тітіркендіргіш әсерін зерттеу үшін in vitro моделі  ретінде MDCK жасушалық сызығын пайдалану мүмкіндігін бағалау болды. Референтті зат ретінде иод повидон (ПВП-иод) дәрілік заты болды, ал лаурилсульфат қышқылының натрий тұзы (ЛСҚ) in vitro бақылау затының токсикологиялық зерттеулер үшін жақсы зерттелген және ұсынылған зат ретінде пайдаланылды.

Осы мақалада ПВП-иод, ЛСҚ, KҚ-143, KҚ-144 және KҚ-145 MDCK клеткаларына классикалық дозаға тәуелді цитотоксикалық әсерін көрсетті. ПВП-иод цитотоксикалық концентрациясы (ЦТК50) KҚ ЦТК50 салыстырғанда айтарлықтай төмен. Сонымен қатар KҚ цитотоксикалық әсері инкубация уақытына байланысты емес, 3-тен 72 сағатқа дейін.

Жұмыстың тәжірибелік маңыздылығы – MDCK жасушаларын  баламалы  модель  ретінде  жаңа йод КҚ-ның жергілікті тітіркендіргіш әсерін скринингтік зерттеулерде балама үлгі ретінде ұсынуға болады.

Түйін сөздер: баламалы әдіс, MDCK, in vitro эпителий жасушаларының моделі, иод координациялық қосылысы.

Жүктеулер

Жарияланды

2018-08-18

Журналдың саны

Бөлім

АДАМ ЖӘНЕ ЖАНУАРЛАР ФИЗИОЛОГИЯСЫ МЕН БИОХИМИЯСЫ