Иммунды ынталандырғыш «Флавовир» препаратының егеуқұйрықтардың гематологиялық көрсеткіштеріне әсерін зерттеу

Авторлар

  • S. T. Tuleuhanov әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Қазақстан, Алматы қ.
  • G. A. Tussupbekova әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Қазақстан, Алматы қ.
  • N. Ablaihanova әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Қазақстан, Алматы қ.
  • A. K. Sadanov ҚР БҒМ ҒК Микробиология жəне вирусология институты, Қазақстан, Алматы қ.,
  • G. K. Аtanbaeva әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Қазақстан, Алматы қ.
  • A. A. Mautenbaev әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Қазақстан, Алматы қ.

DOI:

https://doi.org/10.26577/eb-2018-2-1332

Аңдатпа

Жүргізілген зерттеу жұмысы бойынша егеуқұйрықтардың гематологиялық көрсеткіштеріне иммунды ынталандырушы «Флавовир» препаратының 35 мг/кг дозасындағы әсері зерттелді. «Флавовир» препараттың 35 мг/кг дозасының бір реттік әсерінде жалпы лейкоциттер саны және гематокриттің артуы байқалды. "Флавовир" 35 мг/кг концентрациясында 6 күн бойы әсерінде лейкоциттердің 60% өсуін ынталандырады, сондай-ақ эритроциттердің 33%, гемоглобиннің 159,12±0,89 г/л, гематокриттің 52,25±1,76% салыстырмалы түрде артулары байқалды. Полиморфоядролық нейтрофильдердің статистикалық тұрғыдан (Р≤0,001) төмендеуінің фонында лимфоциттер саны 2,3 есеге артты. Тромбоциттер деңгейі 838,00±7,56×109/л (Р≤0,001) артты және бақылау тобының жануарларымен салыстырғанда эозинофилдердің пайыздық көрсеткіштері 50% (Р<0,001) артып, шамалы эозинофилия байқалды. Эксперимент кезінде егеуқұйрықтардың тамақтану рационына препаратты қосып беру кезінде, препарат жануарлардың денсаулығына және жалпы жағдайларына теріс әсерлерін байқатқан жоқ және олардың жалпы дене салмақтарына оң әсерінде өсу қарқындылығының арттыруына мүмкіндік беріп артуы байқалды. Жануарлардың ректалды температураларын өлшеу кезінде бақылау тобымен және  эксперименттік топтарын салыстырғанда сенімділік бойынша өзгерістері байқалған жоқ. Эксперименттік зерттеулердің нәтижелері бойынша гематологиялық көрсеткіштерде үдемелі лимфоцитоздың байқалуы иммундық жүйеде клеткалар буынының белсендірілуінің айғағы болып табылады, яғни препараттың иммунды ынталандырғыш қасиетке ие екендігін байқатты.

Түйін сөздер: иммунды ынталандырғыш препарат, «Флавовир», қанның гематологиялық анализі, егеуқұйрық, эксперимент.

Жарияланды

2018-08-17

Журналдың саны

Бөлім

АДАМ ЖӘНЕ ЖАНУАРЛАР ФИЗИОЛОГИЯСЫ МЕН БИОХИМИЯСЫ

Осы автордың (немесе авторлардың) ең көп оқылатын мақалалары

<< < 1 2 3