Артық дене салмағының гемодинамиканың циркадиан ырғақтарының көрсеткіштеріне әсері
DOI:
https://doi.org/10.26577/eb-2018-2-1329Аңдатпа
Адам өлімінің себептеріне байланысты инфекциялық емес ауруларды дамытудың негізгі тәуекел факторы артериялық қысымдың жоғарылатуы, маңыздылың бойынша одан кейін семіздік пен семіру болып келеді. Бұл жұмыстың негізгі мақсаты - дене салмағының индекстерінің іс жүзінде сау студенттердің гемодинамикасының негізгі параметрлерінің тәуліктік ырғақтарына әсерін зерттеу. Зерттеулерде дене сау, өз еркімен қатысқан, 78 студенттер, жастары 17-ден 27-ке дейін аралығында, орта жасы 20,7 ± 2,78, ұлты көбінесе қазақтар (97%) қатысқан. Зерттелінген адамдар шамамен 66% дене салмағының индексі (ДСИ) осы жас тобының нормасына сәйкес келеді. Дене салмағы нормадан төмен, ДСИ 16-18,5 аралығында студенттер анықталған, осы үлгіде олардың пайыздық үлесі 12,3% құрады. Бұл үлгідегі артық салмағы бар студенттер саны 20 пайыз құрады, семіздігі бар студенттер бұл үлгіде 1,54 пайыз болып анықталған. Қан қысымы мен жүрек соғу жиілігінің бірнеше тәуліктік мониторингінің мәліметтері бойынша осы параметрлердің мезорлардың орташа топ мәндері ДСИ қалыпты студенттермен қарағанда артық салмақ жоғары қыздарда жоғары болғанымен, айырмашылықтар құндылықтар таралуының шегінде тұр, яғни, ешқандай статистикалық маңыздылығы бар айырмашылықтар табылмаған, және гемодинамикалық хроноструктуралық параметрлері (тәуліктік ырғақтардың амплитудаларының ауытқылары және акрофазалардың уақыттарының жылжуы) қыздар студенттердің дене салмағының индексімен корреляциялары анықталаған жоқ. Алайда, жігіт студентерінде дене салмағының индекстің бірқатар гемодинамикалық параметрлері (систолалық пен диастолалық қысымдары мен екеленген өнім) мен оң корреляциялары табылған.
Түйін сөздер: дене салмақтың жоғары болуы, хроноструктура, қан қысымының және жүрек соғу жиілігінің тәуліктік мониторингі, жас адамдар.








