Қазақстандағы соңғы 25 жылы қоршаған ортада және азық-түлік тізбегіндегі ластаушы заттардың болуын анықтау

Авторлар

  • A. Baubekova әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Қазақстан, Алматы қ.
  • S. Jurjanz Лотарингия университеті, Франция, Вандё́вр-ле-Нанси́
  • A. Akindykova әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Қазақстан, Алматы қ.

DOI:

https://doi.org/10.26577/eb-2018-2-1328

Аңдатпа

Соңғы жылдары қоршаған ортаның ауыр металдармен және тұрақты органикалық ластағыштармен ластануына  байланысты экологиялық және жаһандық мәселелерге көп көңіл бөлінуде. Ауыр металдармен ластануы тау-кен өнеркәсіптердің, сондай-ақ құйма және металлургиялық зауыттардың айналасында байқалады. Тұрақты органикалық ластағыштар жел мен су арқылы алыс қашықтықта тасымалдануына байланысты барлық жерлерде кездеседі, олар кумуляция қабілетіне ие, және де ұзақ уақыт бойы қоршаған ортада сақталып, азық-түлік тізбегі арқылы бір түрден екіншісіне ауыса алады.

Қоршаған ортада ауыр металдардар мен тұрақты органикалық ластаушылардың, соның ішінде пестицидтердің болуына байланысты туындайтын мәселелер мемлекетүшін маңызды болып табылады. Осыған байланысты жұмыстын мақсаты аталған қосылыстардың тамақ тізбегіне әсерін одан әрі зерттеу үшін түрлі ластаушы заттармен ластанған аймақтарды анықтауға бығытталған. Мақалада Қазақстанның түрлі аймақтарындаластаушы заттардың концентрациясы туралы мәліметтер жинақталып қарастырылған. Жұмыс барысында Қазақстанда өндірілетін мал шаруашылық өнімдерінде және экологиялық матрицаларда (топырақ, су, өсімдіктер) ластаушылардың концентрациясын (ауыр металдар, органикалық ластағыштар, пестицидтер) анықтауға жүргізілген ғылыми зерттеулерге талдау жасалынды. Осылайша, әртүрлі экологиялық компоненттерде ауыр металдардың, органикалық ластағыштардың және пестицидтердің жоғары концентрациясы бар аумақтар анықталды. Алынған нәтижелер алдағы уақытта зерттеу жұмыстарын жүргізуге қажетті ақпарат пен мыңызды теориялық құндылыққа ие.

Түйін сөздер: ауыр металдар, қоршаған орта ластануы, органикалық ластағыштар, пестицидтер.

Жарияланды

2018-08-16

Журналдың саны

Бөлім

АДАМ ЖӘНЕ ЖАНУАРЛАР ФИЗИОЛОГИЯСЫ МЕН БИОХИМИЯСЫ

Осы автордың (немесе авторлардың) ең көп оқылатын мақалалары