Қазақстандық Алтай, Сауыр-Манырақ және Зайсан шұңқырының Poa L. туысы түрлерінің (Poaceae Barnhart тұқымдасы) конспекті
DOI:
https://doi.org/10.26577/eb-2018-2-1324Аңдатпа
Poa L. туысының конспектісі авторлардың 1970-2010 жж. өткізген далалық жұмыстар негізінде құрылған, Республикалық мемлекеттік шаруашылық жүргізу құқығындағы кәсіпорын «Алтай ботаникалық бағы» (Риддер қ.) және Республикалық мемлекеттік шаруашылық жүргізу құқығындағы кәсіпорын «Ботаника және фитоинтродукция институтының» (Алматы қ.) гербарийлерінде сақталған басқа да коллекторлардың алымдары қолданылған. Мақсат: Қазақстандық Алтай, Сауыр-Манырақ және Зайсан шұңқырының аймағындағы Роа тұқымдасының түплерінің таралуы мен түр кұрамын аықтау. Зерттеу аймағында 2 түр тармағы 33 түрдің өсуі, 7 секция анықталды, оның ішінде 7 түрі Қазақстан флорасы үшін жаңа болып табылады. Түрдің жалпы санынан Poa L. туысының қанықтығы Орталық Алтайда 45,5% (15 түр), Оңтүстік Алтайда – 57,6% (29 түр), Батыс Алтайда – 57,6% (19 түр), Қалбы Алтайда – 33,3% (11 түр), Сауыр-Манырақта – 33,3% (11 түр), Зайсан шұңқырында – 15,2% (5 түр). Жүйе тұрғысынан қарағанда Poa түр тармағы30 түрімен ұсынылған (90,9%); Arctopoa (Griseb.) Probat. Түр тармағы 3 түр бар (9,1%). Өмірлік формаларының сипаты бойынша тығыздығы 14 (42,4%) және сирекшынды 14 (42,4%) түрлері басым. Мезофиттер (48,5%) экологиялық тұрғыдан ең көп түр болып ұсынылған. Зерттеу жұмыстарының нәтижесінде Қазақстанның Poa L. туысының түр құрамы 7 түрмен толықтырылды: Poa alpigena (Fries) Lindman, Poa sergievskajae Probat., Poa veresczaginii Tzvel., Poa glauca Vahl, Poa krylovii Reverd., Poa argunensis Roshev., Poa pseudoaltaica (Olonova).








