Микросателлиттік маркерлерді пайдалану арқылы қатты бидай (Triticum durum Desf.) сорттарының генетикалық алуантүрлілігін бағалау

Авторлар

  • Sh. Anuarbek Өсімдіктер биологиясы және биотехнологиясы институты, Қазақстан, Алматы қ.
  • S. Abugalieva Өсімдіктер биологиясы және биотехнологиясы институты, Қазақстан, Алматы қ.
  • Ye. Тuruspekov Өсімдіктер биологиясы және биотехнологиясы институты, Қазақстан, Алматы қ.

DOI:

https://doi.org/10.26577/eb-2018-1-1318

Аңдатпа

Қатты бидай (Triticum durum Desf.) әлемде, сонымен қатар, Қазақстанда да маңызды дақыл болып табылады. Бидайдың қатты сорттары нан пісіру және макарон өндірісінде құнды шикізат ретінде қолданылады. Тиімді селекциялық стратегияларды іске асыру сорттардың генетикалық алуантүрлілік деңгейі туралы білімді қажет етеді. Микросателлиттік маркерлердің 7 түрін қолдану арқылы қатты бидайдың жиырма тоғыз сорттарының полиморфизмі анықталды. Жеті SSR-маркерлер үшін 20 аллель айқындалды, аллельдердің орташа тиімді мөлшері бір микросателлиттік локусқа 2,8 аллель. Маркерлердің информативтік индексінің (PIC) орташа мәні 0,3658 болды; Xgwm219 үшін 0,1267 бастап  Xgwm247 үшін 0.5457 дейін өзгеріп отырды. Шеннон және Ней генетикалық алуантүрлілік индекстері есептелді, 0.7174; 0.4243, сәйкесінше. Генетикалық алуантүрлілік деңгейі салыстырмалы жоғары болды. Сорттар арасындағы генетикалық алуантүрлілік анықталды. Сонымен қатар, микросателлиттік маркерлер арқылы зерттелген сорттардың кластерлік талдауы жасалды. Зерттеу нәтижелері зерттелген сорттардағы генетикалық полиморфизм деңгейін анықтауға мүмкіндік береді және пайдаланылған маркерлердің информативтілігін көрсетеді. Қатты бидайдың генетикалық алуантүрлілігін ары қарай зерттеу үшін полиморфтық маркерлер бөлініп алынды. Алынған мәліметтер қатты бидайдың өнімділігін және бейімделу қабілетін арттыруға бағытталған селекциялық бағдарламаларда қолданылады.           

  Түйін сөздер: Triticum durum, генетикалық ресурстар, генетикалық алуантүрлілік, микросателлиттер, SSR.

Жүктеулер

Жарияланды

2018-07-14

Журналдың саны

Бөлім

МОЛЕКУЛАЛЫҚ БИОЛОГИЯ ЖӘНЕ ГЕНЕТИКА