Микоинсектицидтер жасау үшін Beauveria bassiana энтомопатогенді саңырауқұлақ штамдарының биологиялық ерекшеліктері

Авторлар

  • S. Serzhanova әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Экология проблемалары ғылыми-зерттеу институты, Қазақстан, Алматы қ.
  • S. Rakhimbaeva әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Қазақстан, Алматы қ.
  • D. Tulebaeva әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Қазақстан, Алматы қ.
  • A. Uspanova әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Қазақстан, Алматы қ.
  • A. Uspanov Ж. Жиембаев атындағы Қазақ өсімдік қорғау және карантин ғылыми-зерттеу институты, Қазақстан, Алматы қ.
  • B. Duisembekov Ж. Жиембаев атындағы Қазақ өсімдік қорғау және карантин ғылыми-зерттеу институты, Қазақстан, Алматы қ.
  • S. Orazova әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Қазақстан, Алматы қ.

DOI:

https://doi.org/10.26577/eb-2018-1-1314

Аңдатпа

Зиянды фитофагтарды басудың бір жолы микробиологиялық әдіс. Энтомопатогенді саңырауқұлақтар ауыл және орман шаруашылығындағы зиянкес насекомдармен күресуде биологиялық бақылаудың перспективті агенті болып табылады. Энтомопатогенді саңырауқұлақтар негізіндегі биопрепараттар Beauveria bassiana эпизотиидың пайда болу салдарынан жаппай көбейеді және таралады. Beauveria bassiana аскомицеттің биологиялық активтілігінің жоғарылығы, жануарлар, адамдар және өсімдіктерге қауіпсіздігі осы саңырауқұлақ негізіндегі микоинсектицидті ауыл және орман шаруашылығында қолдануға мүмкіндік береді. Азиаттық қара шегіртке, колорад қоңызы және Гаузер қабық құрты қоңыз қабық жегілерден бөлініп алынған саңырауқұлақ культураларына жоғары сезімталдық көрсетеді. Бұл зиянкестерге Beauveria bassiana энтомопатогенді саңырауқұлағына сезімталдықтың ұқсастығы тән. Жұмыстың басты мақсаты әртүрлі систематикалық топтарға жататын насекомдарға зерттелетін штамдардың биологиялық активтілігін бағалау, сонымен қатар, Beauveria bassiana энтомопатогенді саңырауқұлақ изоляттарының 15-30оС температура диапазонындағы мицелиальды өсуін бағалау. Микоинсектицид өндірісі үшін штам продуценттер үшін продуценттер ретінде тест насекомдарға жоғары вируленттілік көрсететін Beauveria bassiana саңырауқұлағының екі жаңа штамы алынды. Сонымен қатар, зерттелген саңырауқұлақтар культураларының температуралық перефендумы анықталды және жұмыс суспензиясының оптимальды титры таңдалынып алынды.

Түйін сөздер: энтомопатогендік саңырауқұлақтар, Beauveria bassiana, вируленттілік, термотөзімділік, микоинсектицид.

Жүктеулер

Жарияланды

2018-07-07

Журналдың саны

Бөлім

БИОТЕХНОЛОГИЯ

Осы автордың (немесе авторлардың) ең көп оқылатын мақалалары