Павлодар облысының кейбір тұзды көлдеріндегі Arthemia sp. популяциясы шаяндарының биомассасы мен цисталарының биохимиялық анализі

Авторлар

  • S. B. Orazova әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Қазақстан, Алматы қ.
  • L. I. Sharapova Қазақ балық шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты, Алматы қ., Қазақстан
  • B. K. Kairat Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті image/svg+xml
  • S. S. Serzhanova әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Қазақстан, Алматы қ.
  • N. Zh. Omirbekova әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Қазақстан, Алматы қ.

DOI:

https://doi.org/10.26577/EB-2017-4-1306

Аңдатпа

Соңғы жылдары Қазақстанның гипергаллинді су қоймаларының құнды биоресурсы - Artemia sp. шаяны мен оның цисталарына деген сұраныс артты, себебі олар балықтардың көптеген түрлері мен теңіз шаянтәрізділері, сонымен қатар ауыл шаруашылық жануарлары үшін таптырмайтын бастапқы жем саналады. Белоктардың жоғары мөлшері, сонымен қатар құрамында алмастырылмайтын амин қышқылдарының, гормондар мен каротиноидтардың, витаминдер мен құнды май қышқылдары деңгейінің айтарлықтай жоғары болуы артемия биомассасының басты ерекшелігі. Артемия жоғары өсу жылдамдығымен, жыныстық жағынан ерте жетілуімен және жоғары өcімталдылығымен ерекшеленеді, бұл олардың популяциясындағы даралар санын қалыпты ұстауына қолайлы әсерін тигізеді. Жоғарыда аталған қасиеттеріне байланысты артемия жем өндірісінде белоктың қайнар көзі саналады. Жем ретінде қолданылатын артемияның құндылығы оның биохимиялық құрамына тәуелді. Оны қалыптастыруға судың температурасы мен тұздылығы, оттегінің мөлшері және т.б. әсер етеді. Осыған байланысты түрлі табиғи көздерден алынған артемия популяцияларының құрамы да әртүрлі, демек олардың азықтық құндылығы да өзара ерекшеленеді.

Мақалада Павлодар облысының 12 тұзды көлінен алынған артемия Arthemia sр. популяциясының шаяндары мен цисталарының биохимиялық құрамы келтірілген. Зерттелген үлгілер белоктар (орташа есеппен, 42,38 г%) мен бос аминқышқылдарының (орташа есеппен, 114,34 мг%), сондай-ақ липидтердің (орташа есеппен, 37,69 г%) жоғары мөлшерімен ерекшеленді, ескере кететін жайт, шаяндармен салыстырғанда олардың цисталарындағы жалпы липидтердің мөлшері 4,7 есе төмен; сонымен қатар артемия шаяндарындағы глюкозаның массалық үлесі 2,5 г%, ал цисталарындағы жалпы көмірсулардың мөлшері 1 г% деңгейінен аспайтындығы; гликогеннің мөлшері артемия шаяндары мен олардың цисталарында шамалас мәнде болатындығы анықталды. Зерттеуге алынған популяциялардағы шаяндар мен цисталардың құрамындағы құрғақ заттардың, бос амин қышқылдарының, жалпы липидтердің, сонымен қатар жалпы көмірсулар мен гликогеннің мөлшерлерінде маусымдық өзгерістердің орын алатындығы белгілі болды.

Автор өмірбаяны

  • B. K. Kairat, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті

    Қайрат Бақытжан Қайратұлы - педагогика ғылымдарының магистрі, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті биофизика және биомедицина кафедрасының оқытушысы

Жүктеулер

Жарияланды

2018-05-27

Журналдың саны

Бөлім

АДАМ ЖӘНЕ ЖАНУАРЛАР ФИЗИОЛОГИЯСЫ МЕН БИОХИМИЯСЫ

Осы автордың (немесе авторлардың) ең көп оқылатын мақалалары

<< < 1 2 3