Раушангүлдің коммерциялық сұрыптарын in vitro микроклондық көбейту

Авторлар

  • А. K. Tolembetova әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Қазақстан, Алматы қ.
  • S. K. Turasheva әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Қазақстан, Алматы қ.
  • A. A. Imanbaeva Маңғыстау эксперименталдық ботаникалық бағы, Қазақстан, Ақтау қ.
  • G. I. Ernazarova әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Қазақстан, Алматы қ.
  • Z. B. Serikova әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Қазақстан, Алматы қ.

DOI:

https://doi.org/10.26577/EB-2017-4-1300

Кілт сөздер:

роза (Rosa L.), микроклональное размножение, in vitro, регуляторы роста

Аңдатпа

Батыс Қазақстанның құрғақ аймақтарына бейімделген раушангүлдердің будан және коммерциялық сұрыптарының көшет материалдарын көбейту мақсатында, in vitro микроклондық көбейту технологиясы қолданылды. Маңғышлақ эксперименталдық ботаникалық бағында өсіп жатырған раушангүлдердің қолттық бүршік бар бұтақ сегменттері мен буынаралық сегменттерін, асептикалық жағдайда  сұрыптарды және гибридтіраушангүлдерді in vitro жағдайда енгізу үшін оқшаулап алынды. Эксплантты 70% этанол (20 секунд) және 5% натрий гипохлоридімен (5минут) өңдеумен салыстырғанда, 8 минут бойы 10% сутек асқын тотығы ерітіндісімен зарарсыздандыру ең тиімді болды. Бұл әдісті қолданған кезде экспланттың өмір сүру шығыуы максималды болды және 68,4% құрады. Раушангүлдердің клондық көбеюы фитогормондармен өзгертіп модифицирленген Мурасиге-Скуг (МС) қоректік ортасының әртүрлі нұсқаларында жүзеге асырылды. Микроклондардың ең көп саны 3 мг/л БАП және 0,5 мг/л 2,4-Д құрайтын MС ортасында құрылды. Антиоксидант ретінде MC ортасына 0,5 мг/л аскорбин қышқылы қосылды. Микробұтақтарды тамырландыру үшін 2 мг/л ИСҚ қосылған МС ортасы пайдаланылды. Осындай жағдайларда көбейту коэффициенті 4-ті құрады. Бұл оңтайландырылған  регламент Каспий аймағын одан әрі көгалдандыру үшін сәндік гибридті және раушангүлдердің коммерциялық сұрыптарын енгізу үшін ұсынылады.

Жүктеулер

Жарияланды

2018-05-18

Журналдың саны

Бөлім

БИОТЕХНОЛОГИЯ

Осы автордың (немесе авторлардың) ең көп оқылатын мақалалары

<< < 1 2