Қазақстаның Berberis L. түрлері мен олардың табиғи ареалдары.
DOI:
https://doi.org/10.26577/EB-2017-4-1298Кілт сөздер:
Berberis L., табиғи ареал, флористикалық аудан, гербарлық фонд, барбарис түрлері.Аңдатпа
Зерттеу объектілерінің түрлілік ерекшелігі барлық ботаникалық және экологиялық зерттеулердің, сондай-ақ табиғатты қорғау және табиғатты пайдалану шараларының негізі болып табылады. Зерттеудің мақсаты қазіргі уақытта Қазақстандық бөріқарақат түрлерінің мекендейтін жерлерін талдап және сипаттама беріп, Berberis L. тегінің зерттеу міндеттерін қалыптастыру болды. Сондықтан, бөріқарақаттың түрлілік ерекшелігін нақтылау Қазақстандағы осы тектің түрлерін зерттеу шараларын әрі қарай дамыту үшін және табиғатты тиімді қолдану, тиімді қорғау шараларын әзірлеу үшін аса қажетті шарт болып табылады. Зерттеу объектілері ретінде бөріқарақаттың 8 түрі алынды (Berberis sibirica Pall., B. iliensis M. Pop., B. sphaerocarpa Kar. et Kir., B. oblonga C. K. Schneid., B. integerrima Bunge, B. kaschgarica Rupr., B.karkaralensis Kornilova et Potapov, B. nummularia Bunge). Жумысымызда ҚР БҒМ «Ботаника және фитоинтродукция институтының» Berberis L түрлерінің жиналған орны мен күні белгіленген гербарийдін электрондық мәліметтер базасы пайдаланды. Бұл мәліметтер 2013-2016 жылдары осы институтының дендрология зертханасының қызметкерлерінің жинақтарымен және бөріқарақаттың түрлерінің сипаттамасымен толықтырылды. Мақалада қазіргі заманғы таксономиялық өкілдіктерді ескере отырып, іргелі флористикалық және дендрологиялық есептерге сәйкес бөріқарақаттың табиғи түрлерінің сипаттамалары берілген. Зерттеудің нәтижесі Қазақстандағы бөріқарақат түрлерінің барлық табиғи ареалдарын нақтылау болды. Бүгінгі таңда Қазақстанда Berberis L. тегінің 6 түрінің өсуі туралы толық негізде айтуға болады.








