Pseudoperonospora cubensis Rostowz қоздырғышының қазақстандық популяциясының морфологиялық және биологиялық ерекшеліктерін анықтау
Кілт сөздер:
P. cubensis, саңырауқұлақ, ооспора, зооспора, конидий.Аңдатпа
Бұл мақалада Pseudoperonospora cubensis Rostowz саңырауқұлағының даму циклі мен қазақстандық популяциясының биометриялық өлшемдерінің зерттеу нәтижелері ұсынылады. Морфологиялық және биологиялық ерекшеліктерін зерттеу барысында қиярдың залалданған жапырақтарында саңырауқұлақ ооспорасы түзілгендігі анықталған. Ооспора кейінен зооспорасы бар зооспорангийге өсіп, ал жапырақтың астынғы жағында конидий мен конидий тасушылары бар сұр-күлгін өңез пайда болды. Конидии қайтадан зооспорасы бар зооспорангийге өніп, кейіннен оогоний мен антеридии қосылып, яғни жыныстық процесстің нәтижесінде қайтадан ооспора түзілді. Биометриялық өлшеулер бойынша Жамбыл облысынан алынған үлгілердің Алматы облысының ылғалды жерлерінен жиналған үлгілерге қарағанда өлшемі мен көлемі біраз төмен болғаны анықталды. Зерттеу нәтижесінде Қордай ауданынан алынған үлгілердегі конидиитасушылардың ұзындығы мен енінің өлшемі 148.0-499.5х4.3-7.5 нм құрады, ал Еңбекшіқазақ ауданынан алынған улгілердегі конидиитасушылардың өлшемі ұзындығы мен енінің өлшемі үлкендеу болды, 150.0-490.0х6.3-8.6 нм құрады. Сонымен қатар конидийдің өнгіштігіне температуралық жағдайлардың әсерін зерттеу кезінде ең қолайлысы 16-18 °С и 20-22 °С екені анықталды. Осы температурада саңырауқұлақтың зерттелініп жатқан конидийнің көпшілігі 1,5-2 сағаттан кейін өне бастады.








