Биодизельдің потенциалды продуценті Сyanobacterium sp. IPPAS B-1200 штамынын биомассадан липидтерді экстракциялау әдістерін салыстырмалы талдау
Кілт сөздер:
липидтер, экстракциясы, Cyanobacterium sp., биодизельАңдатпа
Цианобактериялар биодизель отынының заманауи және перспективті продуценттері болып табылады. Лабораториялық жағдайда цианобактериялардың жеке штамдары липидтерді жоғары дәрежеде жинақтақтайтыны туралы көптеген мәліметтердің болуына қарамастан, биомассадан клеткаішілік липидтерді ауқымды көлемде бөліп алуға мүмкіндік беретін липид экстракциясы жайлы сұрақтар әлі де толығымен шешілмей қалып отыр. Cyanobacterium sp. IPPAS B-1200 – Балқаш көлінен бөлініп алынған цианобактерия штаммы. Клеткалық жиынтық липидтерінің май қышқылды құрамының талдауы бойынша Cyanobacterium sp. штаммында миристин (14:0) және миристоолеин қышқылдарының (∆9-14:1) мөлшері жоғары (сәйкесінше, май қышқылдарының 30% және 10%). Мұндай май қышқылды құрам цианобактерияларда сирек кездеседі, соның ішінде 14:0 және ∆9-14:1 май қышқылдары биоотын өндіру үшін потенциалды мақсатты өнім болып табылады. Мақалада әр түрлі органикалық ерітінділерді пайдалана отырып, цианобактериялардан липидтер экстракциясын алу процесі қарастырылған. Cyanobacterium sp. IPPAS B-1200 цианобактерия штамының биомассасынан липидтер экстракциясын алу әдісінің салыстырмалы талдауы жүргізілді. Әр түрлі органикалық ерітінділерді қолдана отырып экстракциялау барысында липидтер фракциясы жайлы тәжірибелі мәліметтер көрсетілген. Экстрагент ретінде келесі қосылыстар пайдаланылды: хлороформ-метанол 2/1; хлороформ-метанол 1/2; гексан-изопропанол 3/2. Метанол/хлороформ 2/1 (Блай және Дайер әдісі) қоспаларымен липидтерді экстракциялауда ең көп мөлшерде липидтер шығарылды және зерттелінетін штамм биомассасының құрғақ затының 9% құрайтыны анықталды. Алынған мәліметтер Блай және Дайер әдісінің оңтайлы екенін көрсетеді. Осылайша, белгілі бір шикізат сапасын қамтамасыз ету және липид өнімін арттыру мүмкіндіктерін анықтауға бағытталған зерттеулер үшінші буынды альтернативті биоотын алу мәселелерін шешу жолдарын табуға мүмкіндік береді.








