Картоптың бірегей тұқымын өндіруде микротүйнектерді қолданудың тиімділігі

Авторлар

  • Zh. А. Токbergenova Қазақ картоп және көкөніс шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты, Қазақстан, Кайнар ауылы
  • S. А. Bаbаyеv Қазақ картоп және көкөніс шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты, Қазақстан, Кайнар ауылы
  • D. U. Тоgаyevа Қазақ картоп және көкөніс шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты, Қазақстан, Кайнар ауылы
  • D. Zh. Kudusbеkоvа Қазақ картоп және көкөніс шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты, Қазақстан, Кайнар ауылы

Кілт сөздер:

картоп, биотехнология, микротүйнектер, қоректік орта.

Аңдатпа

Аурулардан сауықтырылған картоптың  бастапқы материалын  алудың ең өнімді әдістеріне ізденістер жүргізу мен оларды тиімді пайдалануға бағытталған зерттеулер жүргізу   дақылдың бірегей  тұқымын өндіруді жетілдіру үрдісінде маңызды рөл атқарады,  әрі өзекті мәселенің бірі болып табылады. Картоп  тұқым шаруашылығының  негізгі мақсаты – егістікке отырғызу  материалдарының сапасын сақтау және олардың көбею коэффициентін  барынша арттыру.   Мұндай отырғызу материалдарын алуға in vitro жағдайында жаппай өндірілген картоптың микротүйнектері  негіз болып табылады. Бірқатар шет мемлекеттерде  бұл  бағыттың айтарлықтай  дамығандығына қарамастан, әдістемелік әзірлемелер өте сирек кездеседі және жалпылама зерттеулер мен  өндіріске енгізіліп, іске асырулар жоқ деп айтуға болады.

Қазақ картоп және көкөніс шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтының биотехнология зертханасында тұқымдық картоптың вируссыз негіздегі  отырғызу материалы – микротүйнектерді in vitro жағдайында жаппай өсіру бойынша тәжірибелік жұмыстар  жүргізілді. 

 Мурасиге-Скуг қоректік ортасының құрамын модификациялау және фотомезгілді реттеу арқылы өсімдіктерден түйнектер түзіліп, индукцияланды. Зерттеулер нәтижесінде микротүйнектердің in vitro индукциялануының ең оңтайлы уақыты анықталды. Картоптың сорттарының биологиялық ерекшеліктеріне байланысты,  өсімдіктердің әртүрлі түйнектерді қалыптастыру қабілеті анықталды. Ашық танап жағдайында алынған тұқымдық түйнектердің өнімділігі мен сандық шығымына егістікке отырғызылған микротүйнектердің көлем сипаттамасы мен отырғызу сұлбасының әсері зерттелді. Картоптың тұқым шаруашылығында  микротүйнектерді отырғызу материалы ретінде қолдану мүмкіндігі туралы қорытынды жасалды. Қазақстан селекциясынан шығарылған картоп сорттарының in vitro жағадайында  индукцияланған  микротүйнектері болашақта көбейтіліп, өндіріске енгізілуі үшін  тұқым шаруашылығы үрдісіне тартылды.

Автор өмірбаяндары

  • Zh. А. Токbergenova, Қазақ картоп және көкөніс шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты, Қазақстан, Кайнар ауылы

    ауыл шаруашылығы ғылымдарының кандидаты, доцент, Қазақ картоп және көкөніс шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтының биотехнология зертханасының меңгерушісі

  • S. А. Bаbаyеv, Қазақ картоп және көкөніс шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты, Қазақстан, Кайнар ауылы

    ауыл шаруашылығы ғылымдарының докторы, профессор ҚР АШҒА академигі, Қазақ картоп және көкөніс шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтының картоп тұқым шаруашылығы бөлімінің  меңгерушісі

  • D. U. Тоgаyevа, Қазақ картоп және көкөніс шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты, Қазақстан, Кайнар ауылы

    техника және технология ғылымдарының магистрі, Қазақ картоп және көкөніс шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтының биотехнология зертханасының ғылыми қызметкері

Жүктеулер

Жарияланды

2017-10-01

Журналдың саны

Бөлім

БИОТЕХНОЛОГИЯ