Қара қарақат сұрыптарының жаз мезгіліндегі Орталық Қазақстанның аридті аймағының қолайсыз абиотикалық факторларға төзімділігі
Кілт сөздер:
қара қарақат, абиотикалық фактор, құрғаққа төзімділік, әкті хлороз, Орталық Қазақстан.Аңдатпа
Мақалада жерсіндірілген 11 қара қарақат сұрыптарының Орталық Қазақстан (Жезқазған ботаникалық бағы) аймақ жағдайындағы жоғары температура мен ауа құрғақтығы, және де әкттік қабатқа жақын орналасуы сияқты жаз мезгілінің абиотикалық факторларына зерттеу нәтижелері көрсетілген. Қара қарақат сұрыптарының құрғаққа төзімділігін 2015-2016 жж. жапырақтағы су мөлшері мен суұстағыш қабілеті сияқты су алмасу көрсеткіштері арқылы анықтады. Зерттеулер нәтижесінде жоғары суұстағыш қабілеті Рита, Канахама, Черный жемчуг және Наташа сұрыптарында, жоғарғы су мөлшері Сокровище және Галинка сұрыптарында анықталды. Құрғаққа төзімділік дәрежесі бойынша қара қарақат сұрыптары үш топқа бөлінді: жоғары төзімді сұрыптар (Агата, Алтайская поздняя, Галинка және Глариоза), төзімді сұрыптар (Канахама, Лентяй, Наташа және Рита) және орташа төзімді сұрыптар (Сокровище, Черный жемчуг және Ядреная). Қара қарақат сұрыптарының хлорозбен зақымдану дәрежесін зерттеулер нәтижелері 0 ден 3 баллға дейін көрсетті. Зертелген қара қарақат сұрыптары үш топқа бөлінді: жоғары төзімді сұрыптар (Черный жемчуг, Галинка, Лентяй және Алтайская поздняя), төзімді сұрыптар (Агата, Глариоза, Рита және Ядреная) және орташа төзімді сұрыптар (Канахама, Наташа және Сокровище).








