Тұмаудың А және Б типтерін ПТР әдісімен зертханалық диагностика

Авторлар

  • K. K. Akylbayeva Биологиялық қауіпсіздік проблемаларының ғылыми зерттеуинституты, Қазақстан, Жамбыл облысы,Қордай ауданы, қ.т.п. Гвардейский
  • G. O. Shynybekova Биологиялық қауіпсіздік проблемаларының ғылыми зерттеуинституты, Қазақстан, Жамбыл облысы,Қордай ауданы, қ.т.п. Гвардейский
  • T. M. Tlenchiyeva Биологиялық қауіпсіздік проблемаларының ғылыми зерттеуинституты, Қазақстан, Жамбыл облысы,Қордай ауданы, қ.т.п. Гвардейский
  • К. Т. Sultankulova Биологиялық қауіпсіздік проблемаларының ғылыми зерттеуинституты, Қазақстан, Жамбыл облысы,Қордай ауданы, қ.т.п. Гвардейский
  • N. T. Sandybaev Биологиялық қауіпсіздік проблемаларының ғылыми зерттеуинституты, Қазақстан, Жамбыл облысы,Қордай ауданы, қ.т.п. Гвардейский

Кілт сөздер:

тұмау вирусы, ПТР, телімді праймерлар, амплификация, телімділік, сезімталдық.

Аңдатпа

Бұл мақалада біздің көмегімізбен жобаланған мультипраймерлі полимеразды тізбекті реакцияны (ПТР) пайдалана отырып, құс тұмауы вирусының А және Б типтерінің РНҚ-сын анықтауға араналған әдіс көрсетілген. Осы әдіс зерттелетін сынамадағы тұмау вирусының РНҚ көшірмелер санының  ең аз мөлшерін анықтауға мүмкіндік беруге, және   жоғары телімділігі мен сезімталдығымен ерекшеленуге, тұмау вирусының А және Б типтерін ПТР әдісімен бір уақытта зертханалық диагностикалауға негізделген. Сынамада ПТР негізіндегі тұмау вирусының А және Б типтерінің сезімталдығы  РНҚ-ның 1х102 көшірмесін құрайды. Құс тұмауы вирусының А және Б типтерін сәйкестендіруге арналған полимеразды тізбекті реакция әдісін әзірлеу кезінде құс тұмауы вирусының А типіне - InfАM63 и InfАM258 және құс тұмауы вирусының Б типіне - InfBM26 и InfBM293 тән телімді праймерлер таңдалды. ПТР әдісті пайдлана отырып тұмау вирусының А және Б типтерін диагностикалау  клиникалық материалдан алынған тұмау вирусының А және Б типтерінің РНҚ-сын нақты және өте жылдам (~5-6 сағат)  анықтауға мүмкіндік береді. Осылай бола тұра құс тұмауы вирусының А және Б типтерінің РНҚ-сы бір мезгілде зерттелуі мүмкін.

Жүктеулер

Жарияланды

2018-01-04

Журналдың саны

Бөлім

МИКРОБИОЛОГИЯ

Осы автордың (немесе авторлардың) ең көп оқылатын мақалалары