Адамның триплоидты эмбриондарының ерте эмбриогенезіндегі морфологиялық ерекшеліктері
Кілт сөздер:
қолдан ұрықтандыру, эмбрион, генетикалық диагностика, дигиния, диандрия, диспермия, триплоидия.Аңдатпа
Қосалқы репродуктивтік технологиялардың (ҚРТ) бағдарламаларында триплоидты зиготалардың пайда болуын жиі бақылауға болады. Триплоидты эмбриондардың пайда болуының үш негізгі механизмі бар: диандрия, дигиния, диспермия. Триплоидты эмбриондардың морфокинетикалық және генетикалық ерекшеліктері әлі күнге дейін белгісіз. Мұндай эмбриондардың онтогенетикалық даму жолы ұрықтану механизміне және эмбрионның потенциалына байланысты әртүрлі болады. Мақалада ҚРТ бағдарламаларында триплоидты эмбриондардың ерте эмбриогенезіндегі морфологиялық ерекшеліктері диплоидты эмбриондармен салыстырмалы түрде қарастырылған. Бұл зерттеулерді өткізу мақсатында әртүрлі ҚРТ бағдарламаларын қолданып емделген 75 ерлі-зайыпты жұптың имплантацияға дейінгі генетикалық диагностика циклдары талданды. In vitro жағдайында 183 триплоидты зиготалардың дамуының морфологиялық сипаттамалары зерттеліп, келесі нәтижелер шығарылды: әртүрлі жас диапазонындағы әйелдердің ооциттерінің ұрықтануының салыстырмалы бағалауы аномальді ұрықтану жиілігі мен әйелдің жасы арасында оң корелляция бар екенін көрсетті. Сонымен, триплоидтардың түзілу жиілігі пациенттің жасына аса байланысты екені анықталды; адамдардың триплоидты эмбриондарының онтогенетикалық даму жолы бөліну сатысындағы диплоидты эмбриондардың ерте эмбрионалдық дамуынан ерекшеленбейді; эмбриондардың өсуінің бесінші тәулігіндегі бластуляция жиілігі адамдардың диплоидты эмбриондары тобында айтарлықтай жоғары болып келеді.








