ҚРТ бағдарламаларында адамның триплоидты эмбриондарына имплантацияға дейінгі генетикалық диагностика жүргізу мәселесі
Кілт сөздер:
мейоз, ұрықтандыру, эмбрион, генетикалық диагностика, триплоидия.Аңдатпа
Денеден тыс ұрықтандыру бағдарламасының аясында триплоидты эмбриондар аборттық материал болып табылып, жойылады. Алайда, триплоидты эмбриондардың іске асырылатын потенциалы және генетикалық механизмдері әлі күнге дейін белгісіз. Осыған байланысты, ҚРТ бағдарламаларында адамның триплоидты эмбриондарының генетикалық көрсеткіштерін зерттеу – ұрықтандыру процесстері мен адамның ерте эмбрионгенезі түсініктеріне тек қолданбалы ғана емес, сонымен бірге фундаментальді мән береді. Зерттеу жүргізу барысында адамның триплоидты эмбриондарының ерте эмбриогенезіндегі генетикалық ерекшеліктері және дигиния, диандрия сонымен қатар диспермия салдарынан пайда болған генотиптегі артық жиынтықтың әртүрлі дәрежедегі элиминациясы бойынша мағлұматтар алынған. Адамның триплоидты эмбриондарындағы сегрегация және сингамия үрдістеріндегі хромосомалардың бұзылыстарына баға берілді. Зерттеу жүргізу барысында келесі нәтижелер алынды, адамның триплоидты эмбриондарында ерте эмбриогенезінде бөлшектену сатысында артық гаплоидтық жиынтықтың элиминациясы орын алатыны анықталды, дигиния тобындағы диплоидты эмбриондардың кездесу жиілігі – 74,5%, диспермия тобында – 89% және диандрия тобында – 10% ғана екендігі белгілі болды, адамның триплоидты эмбриондарында хромосомалардың сигрециясының бұзылыстарының төмен жиілігі (3%) анықталды.








