Жануарлардың құтыру вирусына қарсы инактивтелген вакцинаның иммуногендік белсенділігін өндірістік жағдайда сынау

Авторлар

  • D. S. Taranov
  • Ye. A. Bulatov
  • K. D. Zhugunissov
  • Z. D. Yershebulov
  • Zh. B. Kondibaeva
  • Zh. T. Amanova
  • Ye. O. Abduraimov
  • B. M. Khirullin Биологиялық қауіпсіздік проблемаларының ғылыми-зерттеу институты, Қазақстан Республикасы, Гвардейский қ.

Кілт сөздер:

құтырық, вакцина, иммуногенділік, вирусбейтараптаушы антидене, өндірістік сынақ.

Аңдатпа

Мақалада Биологиялық қауіпсіздік проблемаларының ғылыми-зерттеу институтында жасалған құтырыққа қарсы инактивтелген вакцинаның иммуногендік белсенділігін ауылшаруашылығы және үй жануарларында өндірістік жағдайда сынаудың нәтижелері көрсетілген. Аталған вакцина ВНК-21 тұрақты жасуша өсіндісінде өсіріліп, β-пропиолактонды қолдану арқылы инактивтеліп, алюминий гидрототығы қосылған құтырық вирусының «VRC-RZ2» штамынан әзірленген. Зерттеу жұмысы Алматы облысы мен Ақмола облысының 2 шаруа қожалығында жүргізілді. Жануарларға вакцина егілгеннен кейін 28 тәулік өткенде олардан алынған қан сарысуын зертханалық ақ тышқандарға бейтараптау реакциясын қою арқылы тексерілді. Зерттеу нәтижесінде аталған вакцина ауылшаруашылығы және үй жануарлары үшін иммуногенді болып, антидене титрі 3 log2 кем болмады. Бұл көрсетілген антидене титрі Еуропалық фармакопеяның құтырыққа қарсы вакцина дайындау кезінде қойған халықаралық стандартына сәйкес келеді. Вакцинаны тексеру кезінде жануарлардың жалпы жағдайы қанағаттанарлық, тәбеті қалыпты болды және шаршау, әлсіздік, шамадан тыс сілекей ағу белгілері байқалмады. Сонымен, аталған вакцина иммуногендік белсенділігі бойынша ауылшаруашылық және үй жануарларында өндірістік сынақтан табысты өтіп, нәтижесінде ҚР ветеринариялық препараттар реестріне тіркелді.

Жүктеулер

Жарияланды

2018-01-02

Журналдың саны

Бөлім

МИКРОБИОЛОГИЯ

Осы автордың (немесе авторлардың) ең көп оқылатын мақалалары