Оңтүстік-Шығыс Қазақстанның ерекше қорғалатын территорияларының дендробионттары (Heteroptera, Pentatomidae)

Авторлар

  • M. T. Akoev Қазақ ұлттық аграрлық университет, Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы
  • A. M. Kenzhegaliev Қазақ ұлттық аграрлық университет, Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы
  • P. A. Esenbekova Зоология институты, Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы

Аңдатпа

Оңтүстік-Шығыс Қазақстанның ерекше қорғалатын табиғи территорияларынан: Мемлекеттік ұлттық табиғи парктер (МҰТП) «Көлсай көлдері», «Алтынемел», Шарын, Иле-Алатау және Алакол қорығында дендробионттар фаунасына инвентаризация жүргізіліп, 23 түрден тұратын аннотациялық тізімі мен кешенді талдау жасалды, олардың ішінде 2 түрі Алматы облысының Қызыл кітабына енгізілген: Arma custos (Fabricius, 1794) и Zicrona caerulea (Linnaeus, 1758). Қоректену ерекшеліктеріне қарай олардың ішіндегі 8 түр – зоофаг, 15 түр – фитофагтар: оның ішінде 10 түр - полифитофагтар, 2 – кең олигофитофагтар, 3 – тар олигофитофагтар. Оңтүстік-Шығыс Қазақстанның ерекше қорғалатын территорияларындағы дендробионттарға вольтинизмнің бір типі: моновольтинизм тиісті. Жартылай қаттықанаттылардың әр түрі тіршілік ортасының ылғалдылық деңгейіне талаптары түрлі болады. Сондықтан түрлердің экологиялық топтары келесідей болып бөлінеді: мезофилдер – 78,3%, ксеромезофилдер – 8,7%, мезоксерофилдер – 4,3%, ксерофилдер – 8,7%. Ересек дарасы күйінде 20 түр, дернәсіл сатысында тек бір ғана түр - Pentatoma rufipes, ал жұмыртқа сатысы күйінде 2 түр (Picromerus bidens (Linnaeus, 1758), Picromerus lewisi Scott, 1874) қыстайды. Әдетте ересек дара күйінде қыстайтын түрлер бірінші болып шығады, мұндай түрлер - 87%, жұмыртқа сатысында қыстайтын түрлер - 8,7%, дернәсіл сатысында – 4,3% қыстайды.

Автор өмірбаяндары

  • M. T. Akoev, Қазақ ұлттық аграрлық университет, Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы

    PhD КазНАУ

  • A. M. Kenzhegaliev, Қазақ ұлттық аграрлық университет, Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы

    магистрант КазНАУ

  • P. A. Esenbekova, Зоология институты, Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы

    ведущий научный сотрудник РГП «Институт зоологии» КН МОН РК, кандидат биологических наук

Жүктеулер

Жарияланды

2018-01-01

Осы автордың (немесе авторлардың) ең көп оқылатын мақалалары