Вегетациялық кезең барысында Lagochilus setulosus фитомассасында лагохирзиннің жинақталу динамикасы және қалыпты сұр топырақ жағдайында егудің ерекшеліктері

Авторлар

  • Zh. E. Aimenova М. Әуезов атындағы Оңтүстік мемлекеттік университеті, Қазақстан, Шымкент қ.
  • I. E. Digel Аахен қолданбалы ғылымдар университеті, Германия, Юлихъ қ.
  • А. А. Eshibaev М. Әуезов атындағы Оңтүстік мемлекеттік университеті, Қазақстан, Шымкент қ.

Аңдатпа

L.setulosus гемостатикалық әсері бар биологиялық препарат – «Сетулинді» жасауға ұсынылады, оның құрамындағы негізгі әсер етуші зат дитерпеноид-лагохирзин болып табылады. Вегетациялық кезең барысында қылшықты лагохилус (L.setulosus) өсімдігінің әртүрлі бөліктері: тамыры, сабағы, жапырағы, гүлдерінде және гүл тостағаншаларындағы дитерпеноид лагохирзиннің болуы мен жинақталу динамикасы бойынша нәтижелер ұсынылған, сондай-ақ қалыпты сұр топырақ жағдайындағы L.setulosus-ты егу шарттары бойынша нәтижелер берілген, себебі аталған өсімдік түрінің эндемикалық өсімдік болып табылатындығы анықталған. Фитомассада лагохирзиннің жинақталу динамикасы вегетациялық кезеңнің басынан ортасына дейін артатындығы анықталған. L.setulosus үлгісін зерттеліп отырған заттың өсімдіктің әртүрлі мүшелерінде орналасуына жүргізілген химиялық сараптама өсімдіктің гүл тостағаншаларында лагохирзин ең жоғары болып анықталған. Сондай-ақ L.setulosus-ты қалыпты сұр топырақ жағдайында егуге болатындығы дәлелденді, Lagochilus туысының аталған түріне азоттық тыңайтқыштардан  бөлек  минералдық  қорек  қажет,  себебі азоттық қоректендіруді арттыру өсімдіктің түптену және гүлдеу фазаларында тіршілігін жоюына алып келеді. L.setulosus-тың жабайы өсетін және мәдени формаларын салыстырмалы түрде зерттеу жабайы түріне қарағанда өсімдіктің мәденилендірілген фитомассасында лагохирзин мөлшерінің 17-20%-ға көбірек болатындығын көрсетті.

Жүктеулер

Жарияланды

2017-12-01

Осы автордың (немесе авторлардың) ең көп оқылатын мақалалары