Қарашық өзеніндегі кекіре балығының (Rhodeus sp.) морфобиологиялық сипаттамасы

Авторлар

  • E. B. Kozhabaeva Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті Биология және биотехнология мәселелерін ғылыми-зерттеу институты, Қазақстан Республикасы, Алматы
  • N. S. Sapargalieva Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті Биология және биотехнология мәселелерін ғылыми-зерттеу институты, Қазақстан Республикасы, Алматы

Кілт сөздер:

ихтиофауна, акклиматизация, кекіре, бөгде түр, морфология, биология.

Аңдатпа

Қазақстан территорияларында ихтиофаунаның алуантүрлілігін арттыру мақсатында бөгде балықтарды акклиматизациялау жұмыстары бірнеше рет жүргізілген. Алайда, жаңа тіршілік ортасына бөгде организмдерді жерсіндіру сол ортаның экосистемасының өзгеруіне әкеп соғады. Жергілікті ихтиофаунаның құрамы өзгереді, олар басқа орталарды иемденеді, жергілікті түрлерді ығыстырады, аборигенді түрлердің қоректік базасына бәсекелес болады. Қазіргі кезде жерсіндірілген балық түрлері, жергілікті түрлерді ығыстырып Қазақстан барлық суқоймаларын жайлап кетті. Сол себепті, қазіргі таңда бөгде түрлерді зерттеу маңызды болып саналады.

Қазақстан суқоймаларында жерсіндіру процесі кезінде бөгде түрлермен бірге кәсіптік маңызы жоқ жаңа балық түрлері де енген.  Сол балық түрлерінің біреуі – кекіре. Соңғы жылдары Қазақстанның кейбір суқоймаларында кекіре балығы жиі және көптеп кездеседі. Сырдария бассейні суқоймаларында кездесетін кекіренің биологиясы аз зерттелген.

Қазіргі таңда Сырдария бассейніне жататын Қарашық өзенінде кекіре балығы көптеп кездеседі. Кекіре  балығына жасалған морфологиялық және биологиялық талдау нәтижелері зерттелген іріктемелердің біркелкі екенін көрсетеді. Зерттелген балықтардың арасында морфологиялық белгілері бойынша айырмашылықтар байқалмады. Қарашық өзеніндегі жергілікті аборигендік ихтиофаунаны сақтау мақсатында кекіре балығының санын реттеу керектігі ұсынылды. 

Жүктеулер

Осы автордың (немесе авторлардың) ең көп оқылатын мақалалары