Іле Алатауы Caryophyllaceae Juss тұқымдасының алуантүрлілігін бағалауына материалдар
Кілт сөздер:
флора, Caryophyllaceae тұқымдасы, туыс, түр, дәрілік өсімдіктер.Аңдатпа
Мақалада Іле Алатауы Caryophyllaceae тұқымдасының түрлік құрамына талдау жасалынған. Зерттелген аймақ бойынша Caryophyllaceae тұқымдасында 29 туысқа жататын 89 түр таралғаны анықталған. Silene (17 түр), Cerastium (10 түр), Stellaria (8 түр) ірі туыстар көрсетілген таксономикалық құрамында жетекші орын алады. Іле Алатауы Caryophyllaceae тұқымдасының алуан түрлілігін бағалау барысында зерттеу аймағында бұл тұқымдаста ылғалдылыққа қатысты 3 экологиялық типтер анықталды: мезофиттер, мезоксерофиттер, ксеромезофиттер. Топырақтың ылғалдылығы бойынша топтарды классификациялау негізінде өткізілген Іле Алатауы флорасының экологиялық талдауы нәтижесінде мезоксерофиттер басым болып анықталды (50 видов, 56,2 %). Іле Алатауы түрлерінің тіршілік формаларын талдау нәтижесінде көп жылдық өсімдіктер (59 түр немесе 66,29 %) басым болып келетінін көрсетті. Іле Алатауы флорасында Caryophyllaceae тұқымдасынан шаруашылық маңызды 21 түр кездесетіні анықталған. Соның ішінде ең көп кездесетін дәрілік өсімдіктер болып табылады. Іле Алатауы флорасында Caryophyllaceae тұқымдасынан 1 эндемикалық (Silene tianschanica) түр кездеседі. Осы түр сирек кездесетін түрлердің қатарына жатады.








