Таранның (Polygonum L.) перспективалы түрлерінің анатомо-диагностикалық және фитохимиялық ерекшеліктері. II

Авторлар

  • N. V. Kurbatova әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Қазақстан Республикасы, Алматы қ.
  • R. A. Muzychkina әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Қазақстан Республикасы, Алматы қ.
  • D. Yu. Korulkin әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Қазақстан Республикасы, Алматы қ.

Кілт сөздер:

Polygonum L., жапырақтың морфологиялық және анатомо-диагностикалық ерекшеліктері, фитохимиялық талдау.

Аңдатпа

Polygonaceae Juss. тұқымдасының таран (Polygonum L.) туысының алты түрінің анатомо-диагностикалық және фитохимиялық зерттеулерінің нәтижелері көрсетілген. Гүлдеу фазасында жиналған орташа жастағы генеративті өсімдіктердің жапырақ тақтасының анатомо-диагностикалық белгілерінің ерекшеліктері берілген. Қуыстардың болу немесе болмауы; устьица саңылауының аномоцитті немесе анизоцитті (диацитті) типті болуы; эпидермисінде қоңыр түсті сұйық құрамды бездер мен жай түктер түрінде жабындық ұлпалардың түзілуі; көбінесе жапырақтың төменгі бетінде кездесетін кальций оксалатының үшкір ұшты друздары мен қызыл-қоңыр түсті сұйық құрамды схизогенді қуыстардың болуы; сондай-ақ шырышты эпидермалы қабатты көптеген бездер мен жақсы дамыған ауалық ұлпалардың болуы таранның ерекше диагностикалық белгілері ретінде анықталған.

Polygonum L. туысының алты қазақстандық түрлерінің фитохимиялық талдауы зерттелген үлгілерде алкалоидтар, антоциандар, антрахинондар, гидролизденген типтің илік заттары, ксантондар, кумариндер, моно- және полисахаридтер, флавоноидтар, амино- және фенолқышқылдардың болатынын көрсетті. Өсімдік метаболиттерінің идентификацияланған құрылымдық типтеріне арналған аутентті үлгілі салыстырмалы компонентті ЖЭСХ талдауының мәліметтері берілген. Қазақстандық Polygonum L. туысының ерекше идентификацияланған заттары, зерттелетін өсімдіктердің өнеркәсіптік даярлануында туыстың хемотаксономиялық белгілері болып табылады. Дәрілік өсімдік шикізаты диагностикасында қолдану үшін морфологиялық және анатомиялық құрылысының ерекшеліктері анықталған.

Жүктеулер

Осы автордың (немесе авторлардың) ең көп оқылатын мақалалары

<< < 1 2