Sedum L. туысы өсімдіктерінің кейбір морфолого-диагностикалық және фитохимиялық ерекшеліктері

Авторлар

  • D. Yu. Korulkin әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Қазақстан Республикасы, Алматы қ.
  • N. V. Kurbatova әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Қазақстан Республикасы, Алматы қ.
  • R. A. Muzychkina әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Қазақстан Республикасы, Алматы қ.

Кілт сөздер:

Sedum L. туысы, өсімдіктердің морфологиялық және диагностикалық ерекшеліктері, фитохимиялық талдау.

Аңдатпа

Sedum L. туысының 9 түрінің морфолого-диагностикалық және фитохимиялық ерекшеліктерінің нәтижелері көрсетілген. Дәрілік өсімдік шикізаттарының сыртқы және ішкі белгілерінің шынайылық ерекшеліктері талданған. Шикізаттың диагностикалық критерийі ретінде зерттелетін түрлерде жапырақ тақтасының анатомо-диагностикалық құрылымымен қоса, өсімдіктің вегетативті және генеративті мүшелерінің морфологиялық құрылыс ерекшеліктері қолданылуы мүмкін. Фитохимиялық талдау нәтижелері бойынша, Sedum L. туысының қазақстандық түрлері алкалоидтар, амино-, фенол- және оксиқабық қышқылдар, антоциандар, антраценді және илік заттар, иридоидтар, ксантондар, кумариндер, тритерпеноидтар, көмірсулар, фенолдар мен флавоноидтардың болуымен ерекшеленетіні анықталды. Биологиялық белсенді заттардың анықталған құрылымдық типтерінің әрқайсысы үшін өсімдіктің вегетациялық фазасы мен өсу орнына тәуелділігіне қарай салыстырмалы сандық талдау мәліметтері берілген. ББЗ жиналу динамикасы мен фитохимиялық құрамындағы анықталған заңдылықтар фитопрепараттар өндірісі үшін қазақстандық түрлердің өнеркәсіптік даярлану мерзімдері мен біршама перспективалы орындарды анықтауда қолданылуы мүмкін. Дәрілік өсімдік шикізаттарының сыртқы және ішкі белгілерінің шынайылық ерекшеліктерін анықтауда берілген мәліметтердің негізінде өсімдік шикізатының диагностикалық критерийі ретінде, жапырақ тақтасының анатомо-диагностикалық құрылымымен қоса, Sedum L. туысының қазақстандық түрлерінің вегетативті және генеративті мүшелерінің морфологиялық құрылыс ерекшеліктерін қолдану мүмкіншілігі дәлелденген.  

Жүктеулер

Осы автордың (немесе авторлардың) ең көп оқылатын мақалалары

1 2 > >>