Маңғыстау облысында кейбір басым өсімдіктердің құрамындағы ауыр металдар
Кілт сөздер:
Маңғыстау облысы, ауыр металдар, атомдық-абсорбциялық спектрометрия, өсімдіктін басым түрі, жинақтаушы қасиеттері.Аңдатпа
Бұл мақалада Маңғыстау облысының аумағында жиналған басым өсімдіктер мен топырақ үлгілерінің құрамындағы ауыр металдардың (Pb, Cd, Zn, Cu, Mn, Co, Ni) зерттеу нәтижелері ұсынылған. Басым өсімдіктер мен топырақ үлгілері 3 нүктеден жиналды: №1 нүкте (Жаңаөзен қаласы, «Нұркен» шаруашылығы), №2 нүкте (Ақтау қаласы, «Береке» шаруашылығы) және №3 нүкте Форт-Шевченко қаласы, «Әсем-Алмаз» шаруашылығы). Өсімдіктердің ауыр металдарды құрамдарына жинақтау қасиеттері әртүрлі болып келеді. Зерттелген өсімдіктер арасында Artemisia terrae-albae ең үздік жинақтаушы қасиеттерімен ерекшеленетіні анықталды. Зерттелген аумақтардағы басқа өсімдіктерге қарағанда оның құрамында қорғасынның, никельдің, марганецтін ең көп мөлшелері белгіленді. Tamarix ramosissima және Ceratocarpus arenarius басқа да өсімдіктер түрлерімен бір экологиялық жағдайларда өсетіндеріне қарамастан, құрамдарында ауыр металдарды аз мөлшелерде жинайтындарымен ерекшеленеді. Барлық зерттеу жүргізілген нүктелерден алынған топырақ үлгілерінде ауыр металдардың мөлшері рұқсат етілген деңгейдің аясында екені анықталды. Бірақ, физико-географиялық аймақтары мен геологиялық факторлар ерекшеліктеріне байланысты болуына мүмкін, мырыш, кобальт металдары рұқсат етілген 1,09 – 1,72 ауқымындағы ШРК концентрациясы деңгейінен шамалы асатыны анықталды.








