Opisthorchis felineus эксеторлы-секреторлы антигеннің биохимиялық және иммунологиялық қасиеттері

Авторлар

  • V. S. Kiyan С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті, Астана қ., Қазақстан

Кілт сөздер:

иммунология, Opisthorchis felineus, мариталар, экскреторлы-секреторлы антиген, электрофорез, иммуногенділік.

Аңдатпа

Серологиялық реакцияларды қою барысында негізгі компонент - антиген болып саналады, ол өз кезегінде қажетті биохимиялық, иммунологиялық қасиеттерге, жоғары телімділікке және белсенділікке ие болуы тиіс. Мақалада Opisthorchis felineus эксеторлы-секреторлы антигенін алу бойынша мәліметтер енгізілген.  In vitro жағдайында описторх мариталарын RPMI-1640 қоректік ортасында культивирлеп, одан әрі тазартуын центрифугалау әдісімен жүзеге асырауның негізіндегі антигендік өнімді алу сызбасы корсетілген. Антигеннің ақуыз компоненттерін анықтау үшін жасалынған салыстырмалы тәжірибелердің нәтижесінде Кумасси ерітіндісінде негізделген стандартты күміс оксидімен бояу әдісінің артықшылдығы анықталған. Осыны ескерте отырып, автор эксеторлы-секреторлы антигеннің құрамына 21 ақуыз фракциялары кіретіні дәлелденген.

Жасалған эксперименттер мәліметтері бойынша алынған антигеннің құрамында ақуыздардың бар екендігі анықталды, сонымен қатар, иммунды ферменттік талдау реакциясында белсенділікке ие және оны описторозға қарсы  түзілген телімді антиденелерді анықтауға мүмкіндік береді. Осымен қатар алынған міліметтер бойынша, антиген иммуногенді белседілікке ие және зертханалық жануарларда иммундық жауапты тудыра алаатын қасиетке ие. Мақалада эксеторлы-секреторлы антигенінің белсенділігі, телімділігі, иммуногендігі бойынша мәлімет берілген.

Жүктеулер

Журналдың саны

Бөлім

ИММУНОЛОГИЯ

Осы автордың (немесе авторлардың) ең көп оқылатын мақалалары