Генетикалық кемтарлықтар тасымалдаушысына бұқаларды тексеру нәтижелері
Кілт сөздер:
ПТР, РФҰП, Real-Time PCR SNPs балау, аутосомальдық рецессивтік нүктелік мутация, BLAD, CVM, DUMPS, BC, бұқалар.Аңдатпа
Мақалада «Асыл-Түлік» АҚ және «Асыл» ЖШС қарасты отандық және шет ел сұтыптауына жататын асыл тұқымды бұқаларда аутосомальдық рецессивті мутациялардың – лейкоциттер адгезиясының жетіспеушілігі (BLAD), омыртқаның кешенді кемтарлығы (CVM), уридин-моно-фосфат-синтетаза ферментінің жетіспеушілігі (DUMPS) және ірі қара малының цитруленемиясы (BC) тұқым қуалаушы ауруларының таралуы туралы мәліметтер берілген. Ірі қарада голштеин тұқымдас малдарында зиянды мутациялардың таралуының кең екені белгілі, ал керісінше кейбір жергілікті тұқымдас ірі қарада зиянды мутациялардың таралуы төмен немесе тіптен кездеспейді. CD 18, SLC35A3, UMP және ASS гендерінің летальдық мутацияларына балау жасау бұқаларда (N=110) ПТР мен РФҰП талдауларының және Real-Time PCR SNPs тәсілдерінің көмегімен жүзеге асырылды. Зерттеу нәтижелеріне сәйкес, жергілікті тұқымдас Алатау, Әулиекөл, Қазақтың ақ бас бұқаларында зиянды BLAD, CVM, DUMPS және BC тұқымқуалаушылық кемтарлықтары кездеспеді. Нәтижелерге сәйкес екі рет CVM кемтарлығының гетерозиготалы тасымалдаушысы голштеин және герефорд тұқымдас бұқаларда және бір голштеин тұқымдас бұқада BLAD гетерозиготалы тасымалдаушы ретінде шет сұрыптауынан анықталды. Ойлап табылған балау әдісі екі сағат ішінде дені сау гомозиготалы және тасымалдаушы гетерозиготалы жануарларды анықтауға мүмкіндік береді. Авторлар DUMPS генетикалық кемтарлығын балауға Real-Time PCR SNPs әдісін алғаш рет қолданған.








