Тиляпия шабақтарының кейбір биохимиялық көрсеткіштеріне әртүрлі аквакультура жағдайларының әсері
DOI:
https://doi.org/10.1901/kbs2016.67.2.1182Кілт сөздер:
шабақтар, тиляпия, бауырдың микросомалық фракциясы, малон диальдегиді, аланинаминотрансфераза, аспартатаминотрансфераза, арқа бұлшық еттерінің биохимиялық құрамы.Аңдатпа
Тауарлық балық өсірудің тиімділігі көпшілік жағдайда алынатын шабақтардың сапасы мен күйіне байланысты. Балық өсірудің қазіргі заманғы әдістері табиғи ортамен салыстырғанда өзгеше жағдайлар жасайтындықтан ол балықтың кейбір биологиялық ерекшеліктері мен физиологиялық күйінде өзіндік із қалдырады. Бұл өз кезегінде балық өсіру процесін үнемі бақылауды, балықтардың физиологиялық жағдайын бағалап, қерек кезінде оны түзетуді қажет етеді. Осы уақытқа дейін балықтардың физиологиялық жағдайы, негізінен, морфофизиологиялық, гистологиялық және гемотологиялық көрсеткіштер бойынша бағаланып келді, дегенмен, биохимиялық көрсеткіштерді зерттеу кәсіптік маңызы бар балықтардың физиологиялық жағдайын бағалауда негізгі индикаторларының бірі болып табылады. Жұмысымыздың мақсаты: тиляпия (Oreochromis туысы) шабақтарының бұлшық ет ұлпасының құрамы мен бауырының биохимиялық көрсеткіштеріне отандық және шетелдік өнімдік жемдердің құрамы мен өсіру жағдайларының (ағынды және тұйық жүйелі сумен қамтамасыз ету қондырғысы) әсерін зерттеу. Биохимиялық зерттеулер әр 15 тәулік сайын, 30 тәулік өсіру мерзімінде жүргізілді. Отандық жемдерді қолдану бауырда липидтердің жинақталуына және липидтердің асқын тотығуының күшеюіне әкелетіндігі анықталды. Бауырдың микросомалық фракциясындағы аланинаминотрансфераза белсенділігіне өсіру жағдайы әсер етті. Тиляпия шабақтарының бұлшық ет ұлпасындағы жалпы белоктардың мөлшері де өсіру жағдайларына тәуелді болды.








