әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің микробалдырлар мен цианобактериялар коллекциясы және оны пайдаланудың келешегі

Авторлар

  • B. K. Zayadan Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті image/svg+xml
  • A. K. Sadvakasova Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті image/svg+xml
  • N. R. Akmukhanova Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті image/svg+xml
  • K. Bolatkhan Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті image/svg+xml
  • F. K. Sarsekeeva Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті image/svg+xml
  • M. O. Bauyenova Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті image/svg+xml

Кілт сөздер:

коллекция, микробалдыр, цианобактерия, штамм, альгологиялық таза дақыл,

Аңдатпа

Бүгінгі таңда әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің микробалдырлар мен цианобактериялар коллекциясында (CCMKazNU - Culture Collection of microalgae, Al-Faraby Kazakh National university) 13 туыс пен 25 түрдің 54 штамы бар. Коллекция қорының негізін, көбіне Chlorella, Dunaliella және Chlamydomonas туысына жататын жасыл балдырлар, сонымен қатар  көбіне Spirulina, Nostoс және  Synechocystis туысының өкілдері болып табылатын цианобактериялар құрайды. Қазіргі кезде, коллекцияда Қазақстан мен Монголия аумағынан жиналған топырақ пен судың альгологиялық үлгілерінен бөлініп алынған штамдар, сонымен қатар Ресей микробалдырлар коллекциясынан (CALU, IPPAS, PGC), Өзбекістаннан (Ботаника Институтының микробалдырлар дақылының коллекциясы) және АҚШ-ғы Дюкс Университетінің Хламидомонас орталығынан алынған штамдар бар. Сонымен қатар коллекцияда мутагенез және селекция әдістерімен алынған микробалдырлар мен цианобактериялардың мутантты штамдары бар.  Қазіргі  уақытта микробалдырлар коллекциясының базасында ғылыми зертеулер келесі бағыттар бойынша жүргізіледі, бөлініп алынған микробалдырлар мен цианобактериялардың молекулярлы-генетикалық таксономиясы, микробалдырлардың биологиясы және экологиясы, микробалдырлардың физиологиясы және биохимиясы. Зерттеулердің негізгі бағыттары,  биотехнологиялық маңызы бар, соның ішінде медицинаға қажетті биологиялық белсеңді заттарды (ББЗ) және  ауыл шаруашылығына қажетті биологиялық белсеңді қоспаларды (ББҚ) алуға, биоотын мен биотыңайтқыштар алуға, қоршаған ортаның бұзылған объектілеріне биомониторинг және биоремедиация жүргізуге  арналған,  келешегі мол фототрофты микроорганизмдердің дақылдарын іздестірумен байланысты. 

Жүктеулер

Журналдың саны

Бөлім

БИОТЕХНОЛОГИЯ

Осы автордың (немесе авторлардың) ең көп оқылатын мақалалары

<< < 1 2 3