ZFET (жолақты даниодағы эмбриотоксиндікті анықтайтын тест) ауыр металдардың эмбриотоксиндігін зерттеу үшін модельді тест

Авторлар

  • M. Suvorova әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті, Алматы қ., Қазақстан Республикасы
  • I. Zharkova әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті, Алматы қ., Қазақстан Республикасы
  • L. Sutuyeva әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті, Алматы қ., Қазақстан Республикасы
  • A. Ondasynova әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті, Алматы қ., Қазақстан Республикасы

Кілт сөздер:

Danio rerio, эмбрион, эмбрион уыттылығы, ауыр металдар,

Аңдатпа

Ағынды суларды және суда ерігіш ксенобиотиктердің улылығын зерттеуде міндетті турде ОБСЕ-ге ZFET усынылады. Бұл тест Danio rerio in vitro эмбриондарының ауыр металдармен 72сағаттық экспозициясына негізделген және эмбриондардың дамуының бұзылуы және өлімінен кейінгі жағдайды бақылау. Бұл тәжірибеде кадмидің аумақтық эфектісі болмаған кезде эмбрионға CdSO4 мөлшерге тәуелді летальді эфектісінің әсерін көрсеткен. Эмбриондардың 3 сағат экспозициянан кейін 100% өлім тудыратын CuSO4 3,5x10-5 М концентрациясы әсері ең аз концентрация ретінде қарастыруға болады. Эмбриондардың көпшілігінің өмірмен сыйыспайтын терең кемістіктерінің нәтижесінде, және одан кейінгі эмбриондардың коагуляциясы 24 сағаттан байқалды. Аман қалған эмбриондар дамуында бұзылу айқын белгілері болған жоқ және инкубациядан бұрын әдеттегідей дамыған. Pb(CH3COO)2 эмбриондардың даму процесін бұзушы, зерттеліп жаткан концентрацияға әекет ететін зат ретінде,(дамудың бұзылу спектрі перикард ісігіне, кеуде және құйрық бөлімінің қисайуына әкеледі.) бірақ летальді әсер етпейді. 8,125х10-3M және 812,5х10-3M Pb(CH3COO)2 әсеріне ұшыраған эмбриондардың шамамен 80% сколиоз, (40% эмбриондардың байқалды) құйрығы бұзылу белгілері көрсетілді. Бұл байқалған қолайсыз әсерлер ұрықтың су-тұз балансының және хорион өткізгіштігінің бұзылу нәтижесі болып табылады деп болжанып отыр. Зерттелген активті концентрациясын салыстырғанда қорғасын ацетатына қарағанда кадмий сульфаты Danio rerio эмбриондарға үш есе улы болады.

Журналдың саны

Бөлім

АДАМ ЖӘНЕ ЖАНУАРЛАР ФИЗИОЛОГИЯСЫ

Осы автордың (немесе авторлардың) ең көп оқылатын мақалалары