КӨМІРТЕКТІ НАНОБӨЛШЕКТЕРДІҢ ЖАНУАРЛАРДЫҢ АСҚОРЫТУ МҮШЕЛЕРІНІҢ ГИСТОМОРФОЛОГИЯЛЫҚ КӨРСЕТКІШТЕРІНЕ ӘСЕРІ
Кілт сөздер:
наноэнтеросорбент «Инго-2», асқорыту жүйесі, өңеш, асқазан, морфология, физиология, сілемейлі қабат, егеуқұйрық, эпителии, базальды қабат.Аңдатпа
Энтеросорбенттердің қасиеттерінің маңыздысы асқазан – iшек жүйелерін тазартып залалсыздандырып отырады. Сондықтан iшектегі метаболизмің өнiмдерiнiң қанмен араласуына шырышты iшектердiң функциялары тосқауыл жасайды. Токсикалық заттардың организмге енуі кезіндегі улы заттардың әсер ететін мүше-нысандары ең алдымен, асқорыту жүйесінің мүшелері болып табылатындығы белгілі. Токсикалық заттардың бір бөлігі организмде, әсіресе метаболизм деңгейі жоғары мүшелерде (мысалы, бауырда) аккумуляцияланады, ал тағы бір бөлігі бүйрек және тері арқылы сыртқа шығарылады. Осыған ұқсас реакциялар сондай-ақ бауыр, асқазан, бүйрек және т.б. мүшелердің жасушалары мен ұлпаларында да байқалады. Зерттеуге асқорыту жүйесі мүшелерін таңдауымыздың басты себебі олардың ең алғашқылардан болып сырттан тағаммен келіп түскен токсикалық заттардың әсеріне ұшырайтындығымен байланысты, осылайша, олар әртүрлі тағамдық қоспалардың, дәрілік және басқа да заттардың уыттылық деңгейінің индикаторы қызметін атқара алады.Жүктеулер
Журналдың саны
Бөлім
АДАМ ЖӘНЕ ЖАНУАРЛАР ФИЗИОЛОГИЯСЫ
Дәйексөзді қалай келтіруге болады
КӨМІРТЕКТІ НАНОБӨЛШЕКТЕРДІҢ ЖАНУАРЛАРДЫҢ АСҚОРЫТУ МҮШЕЛЕРІНІҢ ГИСТОМОРФОЛОГИЯЛЫҚ КӨРСЕТКІШТЕРІНЕ ӘСЕРІ. (2016). ҚазҰУ Хабаршысы. Биология сериясы, 64(2), 144-149. https://bb.kaznu.kz/index.php/biology/article/view/1075








