ӨСЕК ӨЗЕНІНІҢ ТӨМЕНГІ АҒЫСЫНАН ТАБЫЛҒАН ЭНДЕМДІК ROSA DSHARKENTI CHRSHAN. ӨСІМДІГІНІҢ БІРІНШІ ПОПУЛЯЦИЯСЫНЫҢ ФЛОРАЛЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

Автор(и)

DOI:

https://doi.org/10.26577/bb107220261

Ключові слова:

Rosa dsharkenti Chrshan., флористикалық құрам, геоботаникалық сипаттама, эндемдік түр, Өсек өзені аңғары, Жоңғар Алатауы

Анотація

Зерттеу жұмысы Жоңғар Алатауының оңтүстік бөлігінде орналасқан «Қызыл Еспе» аласа таулы массиві маңындағы Өсек өзені аңғарында кездесетін сирек эндемдік түр Rosa dsharkenti Chrshan. қатысатын өсімдіктер қауымдастықтарының флористикалық және геоботаникалық талдауына арналған. Жұмыстың өзектілігі бұл түрдің таралу аймағының шектеулілігімен, оның мекен ету орындарының жеткіліксіз зерттелуімен және осы түр кездесетін өсімдіктер қауымдастықтарының флористикалық ерекшеліктерін нақтылау қажеттілігімен байланысты.
Зерттеу барысында Rosa dsharkenti Chrshan. түрімен бірге өсетін өсімдіктердің түрлік құрамы зерттеліп, олардың тіршілік формалары, экологиялық типтері, шаруашылық-пайдалы топтары және флораның географиялық элементтері анықталды. Жүргізілген флористикалық талдау негізінде осы түрмен бірге кездесетін өсімдік түрлерінің толық тізімі берілді, бұл зерттелген аумақтың өсімдіктер жабынының құрылымы мен ерекшеліктерін сипаттауға мүмкіндік береді.
Түрдің таралу аймағы шектеулі болғандықтан, табиғи өрттер мен мекен ету ортасы жағдайларының өзгеруі оның сақталуына ықтимал қауіп төндіруі мүмкін. Осыған байланысты R. dsharkenti түрін сақтау мақсатында оны Алматы ботаникалық бағына және Іле эксперименталдық ботаникалық бағына интродукциялау ұсынылады. 

Біографії авторів

  • автор Т.Б. Рысқали, афіліація Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Қазақстан, Алматы

    Рысқали Толғанай (автор для корреспонденции) PhD-докторант, Казахский Национальный Университет имени аль-Фараби (Алматы, Казахстан, e-mail: tolganay_0220@mail.ru).

  • автор А.А. Аметов, афіліація Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Қазақстан, Алматы

    Аметов Абибулла – биология ғылымдарының кандидаты, ботаника және агроэкология кафедрасының профессоры, әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті (Алматы қ., Қазақстан, e-mail: ametov.abibulla@gmail.com).

  • автор С.С. Мауленова, афіліація Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Қазақстан, Алматы

    Мауленова Салтанат – зоология, гистология және цитология кафедрасының аға оқытушысы, әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті (Алматы қ., Қазақстан, e-mail: maulenova.saltanat11@gmail.com).

  • автор С.Т. Назарбекова, афіліація Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Қазақстан, Алматы

    Назарбекова Салтанат – биология ғылымдарының кандидаты, ботаника және агроэкология кафедрасының профессоры, әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті (Алматы қ., Қазақстан, e-mail: snazarbekova@mail.ru).

  • автор А.Ж. Чилдибаева, афіліація Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Қазақстан, Алматы

    Чилдибаева Асель – PhD, ботаника және агроэкология кафедрасының доценті м.а., әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті (Алматы қ., Қазақстан, e-mail: a.zh.childebaeva@gmail.com).

  • автор Ч.Ж. Алдасугурова, афіліація Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Қазақстан, Алматы

    Алдасугурова Чинаргул – PhD докторант, әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті (Алматы қ., Қазақстан, e-mail: aldasygyrova.chinar.77@gmail.com).

     

Завантаження

Опубліковано

2026-06-20

Як цитувати

ӨСЕК ӨЗЕНІНІҢ ТӨМЕНГІ АҒЫСЫНАН ТАБЫЛҒАН ЭНДЕМДІК ROSA DSHARKENTI CHRSHAN. ӨСІМДІГІНІҢ БІРІНШІ ПОПУЛЯЦИЯСЫНЫҢ ФЛОРАЛЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ. (2026). ҚазҰУ Хабаршысы. Биология сериясы, 107(2), 4-17. https://doi.org/10.26577/bb107220261

Статті цього автора (цих авторів), які найбільше читають