ARTHROPHYTUM LONGIBRACTEATUM ПЕРСПЕКТИВАЛЫ ДӘРІЛІК ӨСІМДІГІНІҢ МАКРОСКОПИЯСЫ ЖӘНЕ МИКРОСКОПИЯСЫ

Автор(и)

DOI:

https://doi.org/10.26577/bb20251053

Ключові слова:

Arthrophytum longibracteatum Eug.Kor., галофиттер, кальций оксалатының друзалары, микротехника, склероморфоз.

Анотація

Бұл зерттеу жұмысында Боғұтының етегінде өсетін дәрілік өсімдік — Arthrophytum longibracteatum Eug.Kor. жапырағының анатомиялық құрылысы жан-жақты сипатталған. Arthrophytum longibracteatum — көпжылдық жартылай бұта және галофитті өсімдік, алабұталар тұқымдасына Chenopodiaceae Less. жатады. Бұл түрді алғаш рет 1935 жылы орыс ботанигі М.Е. Коровин сипаттаған. Arthrophytum longibracteatum топырақты бекітетін өсімдік ретінде маңызды рөл атқарады, жел эрозиясын азайтады. Зерттеу Қазақстан Республикасы Фармакопеясының талаптарына сәйкес макро- және микроскопиялық әдістер арқылы жүргізілді. Жапырақтардың ассимиляциялық ұлпасы изолатералды-палисадты типке жатады. Фотосинтезге жауапты палисадты жасушалар бір қатарлы орналасқан. Жапырақтың үстіңгі және астыңғы эпидермисінде парациттік типтегі устьицалар анықталды, олар өсімдіктің қоршаған ортамен газ алмасуын қамтамасыз етеді. Жапырақтың негізгі ұлпаларында әртүрлі мөлшердегі минералды кристалдар – друзалар кездеседі. Бұл кристалдар өсімдік метаболизмінде маңызды рөл атқарады және диагностикалық белгі ретінде қолданылуы мүмкін. Жапырақтың өткізгіш ұлпасы қалыңдаған құрылыммен сипатталады, бұл жартастар мен тасты субстраттарда өсетін хасмофит өсімдіктеріне тән ерекшелік. Алынған мәліметтер Arthrophytum longibracteatum шикізатын фармацевтикалық тәжірибеде анықтау және стандарттау мақсатында қолданылуы мүмкін.

Біографії авторів

  • автор А.Е. Нұрманбек, афіліація Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Алматы, Қазақстан

    Нұрманбек А.Е. – әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің биоалуантүрлілік және биоресурстар кафедрасының 1-курс докторанты, Қазақстан-Ресей медицина университетінің білім сапасын қамтамасыз ету жөніндегі әдіскері (Алматы қ., Қазақстан Республикасы, эл. пошта: aydyn.nurmanbek@gmail.com)

  • автор Н.З. Ахтаева , афіліація Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Алматы, Қазақстан

    Ахтаева Н.З. – әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің биоалуантүрлілік және биоресурстар кафедрасының профессоры (Алматы қ., Қазақстан Республикасы, эл. пошта: akhtaeva@mail.ru)

  • автор Л.Н. Киекбаева , афіліація С.Д. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медициналық университеті, Алматы, Қазақстан

    Киекбаева Л.Н. – Фармацевтикалық технология кафедрасы, Фармация мектебі, С.Д. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медициналық университеті (Алматы қ., Қазақстан; lashynk@mail.ru)

Завантаження

Опубліковано

2025-12-20