ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ОТБАСЫН IBA57 ГЕНІНІҢ МУТАЦИЯСЫНАН ТУЫНДАҒАН КӨПТІК МИТОХОНДРИЯЛЫҚ ДИСФУНКЦИЯ СИНДРОМЫНА ПРЕНАТАЛДЫҚ ГЕНЕТИКАЛЫҚ ТЕСТІЛЕУ: КЛИНИКАЛЫҚ ЖАҒДАЙ

Автор(и)

DOI:

https://doi.org/10.26577/bb106120265

Ключові слова:

көптік митохондриялық дисфункция синдромы 3; пренаталдық генетикалық тестілеу; IBA57; генетикалық кеңес беру; репродуктивті шешім қабылдау.

Анотація

Митохондриялар жасушаның «энергия генераторы» ретінде белгілі және өздерінің негізгі қызметін тотығу фосфорлануы (oxidative phosphorylation, OXPHOS) арқылы жүзеге асырады. Митохондриялар өздерінің жеке митохондриялық ДНҚ-сына ие болатын жалғыз жасушалық органеллалар болып табылады. Митохондриялық құрылымдық немесе функционалдық ақуыздарды кодтайтын ДНҚ тізбектеріндегі кез келген генетикалық өзгерістер митохондриялық ауруларға әкелуі мүмкін. Көптік митохондриялық дисфункция синдромы 3-типі (Multiple Mitochondrial Dysfunction Syndrome type 3, MMDS3) IBA57 геніндегі гомозиготалы немесе екіаллельді патогенді нұсқалардан туындайтын сирек кездесетін аутосомды-рецессивті митохондриялық ауру. Осы зерттеуде біз IBA57 генімен байланысты MMDS3-ке пренаталдық генетикалық тестілеуіне арналған клиникалық жағдайды ұсынамыз. Зерттеудің мақсаты аурудың болжамын және емдеу тактикасын анықтауда, сондай-ақ дұрыс генетикалық кеңес беру мен саналы репродуктивті шешім қабылдауда пренаталдық диагностиканың маңыздылығын көрсету. Зерттеуге MMDS3 бойынша отбасылық анамнезі бар, жүктіліктің 22 аптасында тұрған 27 жастағы әйел (G2P1001) рекрутталды. Диагноз толық экзомдық секвенирлеу (WES) әдісімен расталды және кейіннен Сэнгер бойынша секвенирлеу арқылы IBA57 геніндегі c.286T>C (NM_001010867.4, p.Tyr96His) және c.667C>G (NM_001010867.4, p.Arg223Gly) нұсқалары пробандта және ата-анасында тексерілді. Циркуляциядағы клеткадан тыс ДНҚ (ccfDNA) бойынша генетикалық талдау нәтижесінде IBA57 генінің c.286T>C (NM_001010867.4, p.Tyr96His) позициясындағы гетерозиготалы нұсқасы анықталмады, алайда c.667C>G (NM_001010867.4, p.Arg223Gly) позициясындағы гетерозиготалы нұсқасы анықталды. Осылайша, бала IBA57 генінің c.667C>G (NM_001010867.4, p.Arg223Gly) нұсқасының гетерозиготалы тасымалдаушысы болып табылады. Бұл жағдайда арнайы емдеу қажет емес. Баланы педиатрдың бақылауында ұстау және келесі жүктілікті жоспарлау кезінде ерлі-зайыптыларға медициналық-генетикалық кеңес беру ұсынылады. IBA57 генімен байланысты MMDS3 клиникалық көріністерінің спектрі кең болуы мүмкін және ауру кейбір жағдайларда жылдам үдеуі ықтимал. Сондықтан ерте анықтау уақтылы диагностика жүргізуге, дұрыс медициналық басқару тактикасын таңдауға және саналы репродуктивті шешім қабылдауға мүмкіндік береді.

Біографії авторів

  • автор A. Ғабдулкаюм, афіліація “National Laboratory Astana” ЖМ, Aстана, Қазақстан

    Айдана Ғабдулкаюм – Кіші ғылыми қызметкер, Геномдық және дербес медицина зертханасы, Өмір туралы ғылымдар орталығы, National Laboratory Astana, Назарбаев Университеті, Астана, Қазақстан. E-mail: gabdulkayum@nu.edu.kz.

  • автор Ж. Мирманова, афіліація “National Laboratory Astana” ЖМ, Aстана, Қазақстан

    Жанель Мирманова – Зерттеу көмекшісі, Геномдық және дербес медицина зертханасы, Өмір туралы ғылымдар орталығы, National Laboratory Astana, Назарбаев Университеті, Астана, Қазақстан. E-mail: mirmanova@nu.edu.kz.

  • автор Т. Кәденова, афіліація “National Laboratory Astana” ЖМ, Aстана, Қазақстан

    Томирис Кәденова – Зерттеу көмекшісі, Геномдық және дербес медицина зертханасы, Өмір туралы ғылымдар орталығы, National Laboratory Astana, Назарбаев Университеті, Астана, Қазақстан. E-mail: kadenova@nu.edu.kz.

  • автор М. Баянова, афіліація “University Medical Center” КҚ, Aстана, Қазақстан

    Миргуль Баянова - Медицина ғылымдарының кандидаты, Клиникалық және генетикалық диагностика бөлімінің меңгерушісі, Зертханалық медицина, патология мен генетика департаменті, “University Medical Center” Корпоративті қоры, Астана, Қазақстан. E-mail: Bayanova@umc.org.kz.

  • автор Л. Назарова, афіліація “University Medical Center” КҚ, Aстана, Қазақстан

    Ляззат Назарова – клиникалық цитогенетик, Клиникалық және генетикалық диагностика бөлімі, Зертханалық медицина, патология мен генетика департаменті, “University Medical Center” Корпоративті қоры, Астана, Қазақстан. E-mail: nazarova@umc.org.kz.

  • автор А. Болатов, афіліація “University Medical Center” КҚ, Aстана, Қазақстан

    Айдос Болатов – Зерттеуші, Клиникалық және генетикалық диагностика бөлімі, Зертханалық медицина, патология мен генетика департаменті, “University Medical Center” Корпоративті қоры, Астана, Қазақстан. E-mail: bolatovaidos@gmail.com.

  • автор Ә. Ережепов, афіліація Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Қазақстан, Алматы

    Әділ Ережепов – биология ғылымдарының кандидаты, доцент, Биология және биотехнология факультеті, «Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті» КеАҚ, Алматы, Қазақстан. E-mail: yerezhepov@mail.ru.

  • автор A. Айтқұлова, афіліація “National Laboratory Astana” ЖМ, Aстана, Қазақстан

    Акбота Айтқұлова – PhD, Аға ғылыми қызметкер, Геномдық және дербес медицина зертханасы, Өмір туралы ғылымдар орталығы, National Laboratory Astana, Назарбаев Университеті, Астана, Қазақстан. E-mail: aitkulova@nu.edu.kz.

  • автор A. Ақылжанова, афіліація “National Laboratory Astana” ЖМ, Aстана, Қазақстан

    Айнур Ақылжанова – Медицина ғылымдарының докторы, профессор, Геномдық және дербес медицина зертханасының меңгерушісі, Өмір туралы ғылымдар орталығы, National Laboratory Astana, Назарбаев Университеті, Астана, Қазақстан. E-mail: akilzhanova@nu.edu.kz.

  • автор Д. Ережепов, афіліація “National Laboratory Astana” ЖМ, Aстана, Қазақстан

    Дәурен Ережепов – PhD, жетекші ғылыми қызметкер, Геномдық және дербес медицина зертханасы, Өмір туралы ғылымдар орталығы, National Laboratory Astana, Назарбаев Университеті, Астана, Қазақстан. E-mail: yerezhepov@nu.edu.kz.

Завантаження

Опубліковано

2026-03-20

Номер

Розділ

МОЛЕКУЛЯРНАЯ БИОЛОГИЯ И ГЕНЕТИКА

Як цитувати

ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ОТБАСЫН IBA57 ГЕНІНІҢ МУТАЦИЯСЫНАН ТУЫНДАҒАН КӨПТІК МИТОХОНДРИЯЛЫҚ ДИСФУНКЦИЯ СИНДРОМЫНА ПРЕНАТАЛДЫҚ ГЕНЕТИКАЛЫҚ ТЕСТІЛЕУ: КЛИНИКАЛЫҚ ЖАҒДАЙ. (2026). ҚазҰУ Хабаршысы. Биология сериясы, 106(1), 59-67. https://doi.org/10.26577/bb106120265