DIPHYLLOBOTRIUM LATUM ИНВАЗИЯСЫМЕН ЗАЛАЛДАНҒАН АЛАБҰҒА (PERCA FLUVIATILIS,LINNAEUS,1758) МЕЗОНЕФРОСЫНЫҢ ЖӘНЕ ҚАНЫНЫҢ ЦИТОМОРФОЛОГИЯЛЫҚ ӨЗГЕРІСТЕРІ

Автор(и)

DOI:

https://doi.org/10.26577/bb.2024.v101.i4.a8

Ключові слова:

инвазиялық аурулар, таспа құрттар, мезонефрос, қанның лейкоцитарлық құрамы, плероцеркоид, имаго, паразиттерге иммундық жауап, паразит-ие қатынасы, пролиферация, лейкопения, гемопоэз

Анотація

Мақалада Diphyllobotrium latum инвазиясымен залалданған алабұға балығының (Perca fluviatilis, Linnaeus, 1758) мезонефросының және иммунокомпетентті мүшелері мен тіндерінің клеткалық құрамының өзгерістері сипатталған. Зерттеу мақсаты – паразиттік ауруға шалдыққан балықтардың иммундық механизмдерін анықтау. Зертханалық жағдайда қан және бүйрек дене бөлігінің таңбалары (мезонефрос) зерттелді. Ауланған балық қаны каудоэктомиядан кейін қан тамырынан алынды. Лейкоциттер, балықтардың иммундық жүйесінің инвазияға жауап бертін басты әсерлі жасушалары. Лейкоциттердің балықтың иммундық мүшелерінде пайда болатыны , қан тамырларының арнасында айналыста жүріп, антигендік әсерге туа біткен және бейімделген иммундық жауаптың дамуын қамтамасыз ететіні дәлелденді. Дифиллоботриоз инвазиясының дернәсілдік плероцеркоид сатысы, алабұға балықтарының гемопоэз мүшелерінде лейкоциттердің өндіру тиімділігінің төмендеуіне, морфофункционалдық бұзылулардың пайда болуына ықпал ететіні эксперименттік түрде анықталды. Паразиттердің иелерінің ішек арнасында өсуі мен тіршілік әрекеті ішкі мүшелерінің шырышты қабатының қабынуына, қуыс мүшелерінің дисфункциясына әкелетіні сипатталған. Дифиллоботрияның плероцеркоидтары өз жасушаларында иесі үшін бөтен антигендерді алып жүретін көп жасушалы организм ретінде балық ағзасында иммунды жауап тудыруға қабілетті. Иммундық жауапқа қарамастан, паразиттің плероцеркоидтары ие организмінде дамып өсіп ересек паразитке айналады. Паразиттердің қожайынның организміне тікелей және жанама иммуномодуляциялық әсер тигізетіні анықталды. Diphyllobotrium latum плероцеркоидтарының алабұға балықтарының организмінде тудырған морфофизиологиялық, гематологиялық және иммунологиялық параметрлердің өзерістері, қуыс мүшелеріне патогендік әсері жайлы мәліметтер келтірілген. Алынған нәтижелер, бір жағынан, иммундық жауапқа алабұға балығының мезонефросының қатысуын, екінші жағынан – иммунологиялық гомеостазды қалыптастыратын қан түзу мүшелерінің бейімделу мүмкіндіктерінің төмен екенін көрсетті.

Біографії авторів

  • автор Е. Балтабай, афіліація Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университеті, Қазақстан, Алматы

    Балтабай Ербол - «8D05101-Биология» мамандығының 2 курс докторанты, Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университеті

  • автор Б.К. Есимов, афіліація Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университеті, Қазақстан, Алматы

    Есимов Болат Кабдошұлы – б.ғ.д., биология кафедрасының доценті, Абай атындағы ҚазҰПУ

  • автор Ғ.И. Исаев, афіліація Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті, Қазақстан Түркістан 3Алматы университеті, Қазақстан, Алматы

    Исаев Ғани Исаұлы – техн.ғ.к., доцент, Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті

  • автор Д.У. Сексенова, афіліація Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университеті, Қазақстан, Алматы

    Сексенова Дана Узаковна – аға оқытушы, Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университеті

  • автор З.А. Ибрагимова, афіліація Алматы университеті, Қазақстан, Алматы

    Ибрагимова Зейнеп Амантаевна -  п.ғ.к., доцент, Алматы университеті

Завантаження

Опубліковано

2024-12-20

Як цитувати

DIPHYLLOBOTRIUM LATUM ИНВАЗИЯСЫМЕН ЗАЛАЛДАНҒАН АЛАБҰҒА (PERCA FLUVIATILIS,LINNAEUS,1758) МЕЗОНЕФРОСЫНЫҢ ЖӘНЕ ҚАНЫНЫҢ ЦИТОМОРФОЛОГИЯЛЫҚ ӨЗГЕРІСТЕРІ. (2024). ҚазҰУ Хабаршысы. Биология сериясы, 101(4), 106-116. https://doi.org/10.26577/bb.2024.v101.i4.a8

Статті цього автора (цих авторів), які найбільше читають