ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ЖҰМСАҚ БИДАЙ ГЕНОТИПТЕРІНІҢ ӨНІМДІЛІГІНІҢ ТҰРАҚТЫЛЫҒЫН ТАЛДАУ

Автор(и)

DOI:

https://doi.org/10.26577/bb.2024.v100.i3.05

Ключові слова:

шығымдылық, AMMI, жұмсақ бидай, өнімділік, тұрақтылық, әртүрлі орталарда сынау, генотип-ортаның өзара әрекеттесуі, жоғары генотиптер

Анотація

Жұмсақ бидай (Triticum aestivum L.) адамның тамақтануы мен жаһандық азық-түлік қауіпсіздігі үшін маңызды дақыл болып табылады. Бидайдың тұрақты өнімділігін қамтамасыз ету өте маңызды, өйткені өндірістің ауытқуы бүкіл әлемде азық-түлік пен бағаға айтарлықтай әсер етуі мүмкін. Біз AMMI негізіндегі тұрақтылық статистикасын пайдалана отырып, ең жақсы генотиптерді анықтау үшін Қазақстанда әр түрлі сынақ талдауын қолданып, екі вегетациялық маусымда жұмсақ бидайдың 82 генотипін бағаладық. AMMI дисперсиялық талдауы (ANOVA) қоршаған ортаның әсері негізінен өнімділіктің өзгергіштігін (87,6%) түсіндіретінін көрсетті, ал генотиптің (2,79 %) және генотип-ортаның өзара әрекеттесуінің (8,19 %) үлесі ең аз әсер етті. Тұрақтылық параметрлерінің бағаланған жиынтығы өзара оң корреляцияны көрсетті және бұл өлшемдерді тұрақты генотиптерді таңдау үшін пайдалануға болады. Жұмсақ бидай генотиптерінің орташа өнімділігі 24,5-тен 17,9 ц/га-ға дейін болды. 342/08 (G62), Р-1413m (G8), Лютесценс 54 190/09 (G54), 233/10 (G58), Байтерек 15 (G25) және Лютесценс 57 4/09 (G52) генотиптері AMMI негізіндегі дән өнімділігінің тұрақтылығын бағалау негізінде ең тұрақты және өнімді болды. Селекционерлер мен фермерлер бұл үлгілерді Қазақстанның кең ауқымында тұрақты және жоғары өнімді генотиптер ретінде пайдалана алады.

Біографії авторів

  • автор С. Әнуарбек, афіліація Өсімдіктер биологиясы және биотехнологиясы институты, Алматы, Қазақстан

    Әнуарбек Шынар Нұрланқызы – PhD, аға ғылыми қызметкер, Өсімдіктер биологиясы және биотехнологиясы институты (Алматы, Қазақстан, e-mail: shinar_anuar92@mail.ru).

  • автор В. Чудинов, афіліація Қарабалық ауыл шаруашылығы тәжірибе станциясы, Қостанай облысы, Қазақстан

    Чудинов Владимир Анатольевич – ауыл шаруашылығы ғылымдарының кандидаты, селекционер, Қарабалық ауыл шаруашылығы тәжірибе станциясы (Қостанай облысы, Қазақстан, e-mail: ch.den@mail.ru).

  • автор Г. Середа, афіліація Қарағанды ауыл шаруашылығы тәжірибе станциясы, Қарағанды облысы, Қазақстан

    Середа Григорий Антонович – ауыл шаруашылығы ғылымдарының кандидаты, А.Ф.Христенко атындағы Қарағанды ауыл шаруашылық тәжірибе станциясының селекция және алғашқы тұқым өндірісінің бөлім меңгерушісі (Карағанды, Қазақстан, e-mail: sereda.44@bk.ru).

  • автор А. Бабкенов, афіліація А.И. Бараев атындағы астық шаруашылығы ғылыми-өндірістік орталығы, Ақмола облысы, Қазақстан

    Бабкенов Адильхан Темирханович – ауыл шаруашылығы ғылымдарының кандидаты, А.И. Бараев атындағы астық шаруашылығы ғылыми-өндірістік орталығының бидай селекциясы бөлімінің меңгерушісі (Ақмола облысы, Қазақстан, email:
    babkenov64@mail.ru).

  • автор Т. Савин, афіліація А.И. Бараев атындағы астық шаруашылығы ғылыми-өндірістік орталығы, Ақмола облысы, Қазақстан

    Савин Тимур Владимирович – биология ғылымдарының кандидаты, А.И. Бараев атындағы астық шаруашылығы ғылыми-өндірістік орталығының басқарма төрағасы (Ақмола облысы, Қазақстан, e-mail: savintimur_83@mail.ru).

  • автор Е. Федоренко, афіліація Солтүстік-Қазақстан ауыл шаруашылық тәжірибе станциясы, Солтүстік-Қазақстан облысы, Қазақстан

    Федоренко Елена Николаевна – Солтүстік-Қазақстан ауыл шаруашылығы тәжірибие станциясының селекциялық және сорттық егіншілік технологиясы зертханасының меңгерушісі (Солтүстік-Қазақстан облысы, Қазақстан, e-mail: efedorenko2015@mail.ru).

  • автор В. Цыганков, афіліація Ақтобе ауыл шаруашылығы тәжірибе станциясы, Ақтобе, Қазақстан

    Цыганков Владимир Игоревич – ауыл шаруашылығы ғылымдарының кандидаты, Ақтөбе ауыл шаруашылық тәжірибе станциясының селекция және алғашқы тұқым өндірісінің бөлім меңгерушісі (Ақтөбе, Қазақстан,, e-mail: zigan60@mail.ru).

  • автор А. Цыганков, афіліація Ақтобе ауыл шаруашылығы тәжірибе станциясы, Ақтобе, Қазақстан

    Tsygankov Artyom Vladimirovich – agronomist of the Department of Breeding and Primary Seed Production, Aktobe Agricultural Station (Aktobe, Kazakhstan, e-mail: mirestnone@mail.ru).

  • автор А. Амалова, афіліація Өсімдіктер биологиясы және биотехнологиясы институты, Алматы, Қазақстан

    Амалова Акерке Ыкласқызы – PhD, ғылыми қызметкер, Өсімдіктер биологиясы және биотехнологиясы институты (Алматы, Қазақстан, email: akerke.amalova@gmail.com).

  • автор Е. Туруспеков, афіліація Өсімдіктер биологиясы және биотехнологиясы институты, Алматы, Қазақстан

    Туруспеков Ерлан Кенесбекович (корреспондент-автор) – биология ғылымдарының кандидаты, профессор, Өсімдіктер биологиясы және биотехнологиясы институтының молекулалық генетика зертханасының меңгерушісі (Алматы, Қазақстан, e-mail: yerlant@yahoo.com).

Завантаження

Опубліковано

2024-09-20

Номер

Розділ

МОЛЕКУЛЯРНАЯ БИОЛОГИЯ И ГЕНЕТИКА