CITES КОНВЕНЦИЯСЫНА ЕНГІЗІЛГЕН БОЛГАР ФЛОРАСЫ ӨСІМДІКТЕРІНІҢ ТҮРЛЕРІ

Автор(и)

  • A. Tashev Ормантехникалық университеті, София, Болгария қ.
  • N. Tashev Ормантехникалық университеті, София, Болгария қ.

DOI:

https://doi.org/10.26577/eb.2021.v86.i1.01

Анотація

Құрып кету қаупі төнген жабайы фауна мен флора түрлерімен халықаралық сауда туралы Конвенция (CITES) 1973 жылы 3 наурызда Вашингтонда келісілді. Қазіргі уақытта Конвенцияға 175 ел қосылды. Ол 1991 жылы Болгария Парламентімен ратификацияланды және 1992 жылы жарық көрді. Осы зерттеудің мақсаты конвенцияға II Қосымшаға енгізілген Болгар флорасы өсімдіктерінің жүйелі құрылымы мен экологиялық-биологиялық сипаттамаларын талдау болып табылады. II қосымша қазіргі уақытта жойылып кету қаупі төніп тұрған, бірақ осындай болуы мүмкін түрлерді қамтиды және олардың халықаралық саудасы шамадан тыс пайдалануды болдырмау үшін қатаң бақыланады. Конвенцияға сәйкес Болгарияда жергілікті флораның 29 туысы мен 4 тұқымдасына жататын 77 түрі қорғалады. Ішкі алуынтүрлілікке 18 түрасты, сорт және екі форма кіреді. Уолтер бойынша өсімдіктер биологиялық типтерге, тіршілік формаларына және флористикалық элементтерге жіктеледі. Сондай-ақ, бұл түрлердің Болгарияда таралуы және олардың экологиялық топтары   туралы ақпарат қарастырылған. Түрді сақтаудың маңыздылығы ұлттық және халықаралық контексте талданады. II CITES қосымшасымен қорғалатын Болгар флорасы түрлерінің толық жүйелі тізімі ұсынылған.

Түйін сөздер: Болгария, флора, CITES.

Завантаження

Опубліковано

2021-03-03