СИРЕК, ЭНДЕМ, ДӘРІЛІК ADONIS TIANSCHANICA LIPCH (ADOLF). ТҮРІНІҢ ТЫҒЫЗДЫҒЫ, САНЫ ЖӘНЕ ЖАСТЫҚ СПЕКТРІ
DOI:
https://doi.org/10.26577/eb.2021.v86.i1.04Анотація
Мақалада сирек, эндем, дәрілік Adonis tianschanica Lipch (Adolf). түрінің тығыздығы, саны, жастық спектрі сипатталған. Түрдің жалпы 3 популяциясы зерттелді. Бірінші популяция – Кеген асуынан алынды, түрдің 2 ценопопуляциясы табылды. Екінші популяция – Жоңғар Алатауы, Текелі шатқалынан табылды, сәйкесінше 1 популяциядағыдай түрдің 2 ценопопуляциясы зерттелді. Ал, 3 популяция – Теріскей Алатауы, Сарыжаз және Қайнар ауыл аралығында табылды. Барлығы, 3 популяция және 5 ценопопуляция табылып, зерттелді. Биологиялық әртүрлілік проблемасының әлемдік сипатын ескере отырып, тек жекелеген түрлерді ғана емес, сонымен қатар бірқатар бірегей өсімдік қауымдастықтарын қорғау, олардың әртүрлілігі мен тұрақтылығы қоршаған ортаның оңтайлылығының маңызды шарты болып табылады. Қауымдастықтардың аз бөлігі белгілі бір дәрежеде қорықтарда немесе қорықшаларда қорғалады, бірақ жойылып бара жатқан және сирек кездесетін өсімдіктер қауымдастықтарының анықтамалық мәліметтерінің жалпы тізімі жоқ, оларды қорғау болашақ үшін өте маңызды және қазіргі таңда өте актуалды. Барлық ценопопуляцияларға 1м2 үлгі алаңшалары салынды, түрдің саны, жастық құрамы А.А.Урановтың әдісі бойынша есептелді. Сонымен бірге, Adonis tianschanica Lipch (Adolf). түрінің дарақтарының орташа тығыздығы есептелді. Түрдің 3 популяциясы орналасқан аймақтары бойынша карта құрылды (Алматы облысы жағдайында). Сонымен қатар, ценопопуляциялардың кездескен нүктесіне байланысты космостық кескіні пайдаланылды (географиялық координаттары бойынша).
Adonis tianschanica Lipch (Adolf). түр ценопопуляцияларының жастық құрамы бойынша графиктер құрылып, түрдің 3 популяция бойынша қазіргі саны, тығыздығы және жастық құрамының қазіргі жағдайына баға берілді.
Түйін сөздер: Adonis tianschanica Lipch (Adolf), эндем, ценопопуляция, жастық құрамы, Жоңғар Алатауы, Теріскей Алатауы.








