ШАРЫН МҰТП СУ ЖАРТЫЛАЙ ҚАТТЫҚАНАТТЫЛАРЫНЫҢ (HETEROPTERA) БИОЛОГИЯЛЫҚ ЖӘНЕ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
DOI:
https://doi.org/10.26577/eb.2021.v86.i1.010Анотація
Шарын мемлекеттік ұлттық табиғи паркі территориясында 2018-2019 жылдары жүргізілген зерттеу жұмыстары нәтижесінде су жартылай қаттықанаттыларының 11 тұқымдасына жататын 67 түрі табылды. Түр саны жағынан Corixidae (27 түр, 40%), Gerridae (9 түр, 13%), Saldidae (17 түр, 25%) тұқымдастары басым, қалған 6 тұқымдастарда 1-2 түрден ғана кездесті. Saldidae тұқымдасынан Salda sahlbergi Reuter, 1870 Қазақстанда алғаш рет кездесіп отыр. Шарын мемлекеттік ұлттық табиғи паркі су жартылай қаттықанаттылары қоректік байланысы жағынан зоофитофагтар – 27 түр, 40% және зоофагтар – 40 түр, 60% анықталды. Олар экологиясына қарай келесідей топтарға бөлінеді: перифитон, нектон, плейстон және супралитораль, ал жылына беретін ұрпақ санына қарай үш топқа бөлінетіні анықталды, демек жылына бірнеше рет ұрпақ беретін түрлер саны – 13 (19%), жылына екі рет ұрпақ беретін түрлер саны – 8 (12%), ал жылына бір рет ұрпақ беретін түрлер саны – 46 (69%) болып отыр. Қыстайтын сатылары: ересек даралары – 59 түр (88%), дернәсілдері – 3 түр (5%) және жұмыртқалары – 5 түр (7%).
Түйін сөздер: су жартылай қаттықанаттылары, Шарын мемлекеттік ұлттық табиғи паркі, Оңтүстік-Шығыс Қазақстан.








