А/H3N8 құс тұмауы вирусы штаммдарының генетикалық әртүрлілігі

Автор(и)

  • K. K. Jekebekov Биологиялық қауіпсіздік проблемаларының ғылыми зерттеу институты, Қазақстан, Жамбыл облысы, Қордай ауданы, қ.т.а. Гвардейский
  • K. K. Akylbayeva Биологиялық қауіпсіздік проблемаларының ғылыми зерттеу институты, Қазақстан, Жамбыл облысы, Қордай ауданы, қ.т.а. Гвардейский
  • A. M. Melisbek Биологиялық қауіпсіздік проблемаларының ғылыми зерттеу институты, Қазақстан, Жамбыл облысы, Қордай ауданы, қ.т.а. Гвардейский
  • A. T. Junushov Қырғыз Республикасы Ұлттық ғылым академиясының биотехнология институты, Қызғызстан, Бішкек қ.
  • Е. D. Burashev Биологиялық қауіпсіздік проблемаларының ғылыми зерттеу институты, Қазақстан, Жамбыл облысы, Қордай ауданы, қ.т.а. Гвардейский
  • M. B. Orynbayev Биологиялық қауіпсіздік проблемаларының ғылыми зерттеу институты, Қазақстан, Жамбыл облысы, Қордай ауданы, қ.т.а. Гвардейский
  • K. T. Sultankulova Биологиялық қауіпсіздік проблемаларының ғылыми зерттеу институты, Қазақстан, Жамбыл облысы, Қордай ауданы, қ.т.а. Гвардейский

DOI:

https://doi.org/10.26577/eb.2020.v85.i4.09

Ключові слова:

тұмау вирусы, штамм, генетикалық әртүрлілік

Анотація

А типті құс тұмауы вирусының (АТТВ) табиғатта таралуы құс тұмауы вирусының табиғи резервуары болып табылатын жабайы құстардың қоныс аударуымен өте тығыз байланысты болып табылады. Ғылыми жұмыс барысында жабайы құстардың популяциясы арасында АТТВ/НЗN8 айналымы анықталып, 2018 - 2019 жылдардағы Қазақстан Республикасы бойынша мониторинг деректері берілген. Қазақстан аумағында бес АТТВ/НЗN8 штаммдарын айналымы, олардың гендерінің генетикалық құрылымындағы өзгерістері талданып, филогенетикалық құрамы анықталған. MEGA бағдарламалық жасақтамасының 6.0 нұсқасымен анықталған АТТВ/H3N8 гендерінің генетикалық қашықтықтары қазақстандық штамдардың Азия және Еуропалық АТТВ/H3N8 штамдарынан қашықтықта екенін және сонымен қатар прототипті штамдарынан өзгеше тармақты құрайтындығын көрсетеді. Мүмкін, бұл қазақстандық штамдар АТТВ/H3N8 жаңа нұсқалары болып табылады. Қазақстандық бес АТТВ/H3N8 штаммдары және Еуразиялық генетикалық саланың штамдары нейраминидаздың нуклеотидтік тізбегінде филогенетикалық жақындығын көрсетіп берді. Сонымен қатар, ғылыми жұмыс негізінде қазақстандық А типті құс тұмауы вирусының АТТВ/H3N8 штаммдары мен Азиядағы A/duck/Mongolia/566/2018(H3N8) MK978954 штаммдарының арасындағы генетикалық қашықтық D≥0.015 болып табылады. Қазақстандық штамдар,  A/mallard/Sweden/141811/2013 (H3N8) KT725427 сияқты Еуропалық штамдардан D 0.027 мәні бар қашықтықта тұрғандығын көрсетті.

Завантаження

Опубліковано

2020-12-20

Номер

Розділ

МОЛЕКУЛЯРНАЯ БИОЛОГИЯ И ГЕНЕТИКА

Статті цього автора (цих авторів), які найбільше читають