Valeriana officinalis L. өсімдігінің морфогенезі және өсіру ерекшеліктері

Автор(и)

  • А. T. Kuatbayev әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Қазақстан Республикасы, Алматы қ.
  • R. U. Mamykova Қазақстан инженерлі-педагогикалық Халықтар Достығы университеті, Қазақстан Республикасы, Шымкент қ.
  • T. S. Ibragimov Қазақстан инженерлі-педагогикалық Халықтар Достығы университеті, Қазақстан Республикасы, Шымкент қ.
  • P. R. Schoibekova Қазақстан инженерлі-педагогикалық Халықтар Достығы университеті, Қазақстан Республикасы, Шымкент қ.
  • S. E. Ibragimova Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік фармацевтика академиясы, Қазақстан Республикасы, Шымкент қ.
  • S. T. Nazarbekova әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Қазақстан Республикасы, Алматы қ.

Ключові слова:

Қазақстан флорасы, морфогенез, онтогенез, дәрілік өсімдік, өнімділік

Анотація

Негізі дәрілік шүйіншөп (Valeriana officinalis L.) табиғи жағдайда Қазақстан флорасында кездесе бермейтін түр. Дәрілік шүйіншөптің отаны Жерорта теңізінің маңы. Негізінен қоңыржай және субтропикалық белдемдерде таралған. Әдетте тау беткейлерінде, өзен жағалауларында, жайылмалы, батпақты және орман шеттерінде өседі. Өсімдік жерасты бөлігі тамыр қабығындағы жасушалардың өсуінен түйнек тәрізді  жуандайды. Аталмыш өсімдік түрі мәденилендірілген түр болғандықтан дәрілік шикізат ретінде оған деген сұраныс артып, бұл сұраныс плантацияларға егу нәтижесінде қанағаттандырылуда. Осыған байланысты Қазақстанда бұл өсімдік түрін мәденилендіруге қажеттілік туындауда.

Мақалада дәрілік шүйіншөптің (V. officinalis) зертханалық және екпе жағдайында өсіп-дамуына, морфогенезіне сипаттама берілген. Онтогенез барысындағы ботаникалық даму ерекшеліктері, тіршілік кезеңдері (латенттік, виргинильді, ювенильді және генеративті) мәліметтер түрінде көрсетілген. Онтогенездік кезеңдері және дәрілік шүйіншөптің (V. officinalis) Оңтүстік Қазақстанда өсіру ерекшеліктері  мен ұсыныстар беріліп, өсімдіктің жақсы өсіп-дамуы үшін қандай топырақта және қандай алдыңғы дақылдан кейін егу керектігі анықталған. Оңтүстік Қазақстан өңірінде дәрілік шүйгіншөптің қолайлы көбейту жолы – көшетінен көбейту. Көшетті дайындау үшін жаңадан жиналған тұқымды тамыз айының алғашқы онкүндігінде себеді. Қатар аралықтары 10-12 шаршы алаңға 1,5-2,0 г тұқым қажет. Тұқым сепкен соң танаптың бетін 1-1,5 см қалыңдықта көңмен жабады. 1 гектарға қажетті көшет дайындау үшін 100-150 шаршы метр көшет алаңы керек. Мол өнім алу үшін көшетті күзде (қазан айының екінші жартысында) немесе ерте көктемде 70 х 20 не 70 х 25 қоректену алаңына отырғызған өте тиімді. Күтіп-баптау жұмыстары топырақ ылғалдылығын бір қалыпты сақтауды (өсіп-жетілу кезінде 6-8 рет суару қажет), танаптың арамшөптерден таза, топырақтың физикалық құрамының өсімдік үшін қолайлы болуын (2 рет қопсыту) және үстеп қоректендіруді қамтамасыз ету керек. Қажетті жағдайлар жасалған кезде дәрілік шүйіншөп мәдени жағдайда жақсы өсіп, жеміс беріп, өміршең тұқымдар береді. 

Завантаження

Статті цього автора (цих авторів), які найбільше читають