Mt.avium туберкулез микобактерияларымен зақымданған үлкен құмтышқан өкпесінің нәзік құрылысы
Ключові слова:
гипоксия, тыныс бөлімі, эпителий, эндотелий, сурфактант, гипepeмия, мaкpoфaгтap, нeкpoз.Анотація
Туберкулездің адам және бұқа сияқты түрлерімен үй, жабайы және зообақ жануарларының зақымданғаны әлемнің көптеген мемлекеттерінде тіркелген. Инфекциялық процестің туындауы мен өтуі барысында туберкулез қоздырғышын енгізу жолдары, шамасы, вируленттілік дәрежесі сонымен қатар жануар организмінің төзімділік деңгейі маңызды әсер етеді. Инфекция жұқтырған организмде этиологиясы бойынша туберкулез микобактериясының себебінен туындаған спецификалық емес құрылымдар, параспецификалық реакциялар дамып және иммунитеттің ұлпалық реакциясының маңызды екі негізгі фазасы болып табылатын туберкулез үшін басты сипаттама спецификалық қабыну туындайды. Mt.avium туберкулез микобактерияларымен зақымдалған үлкен құмтышқан өкпесінің нәзік құрылысын зерттеу нәтижесінде біріншілік туберкулез төмпешіктерінің түзілуіне алып келетін патологиялық процесс анықталды, ары қарай ол некрозға дейін үдей түсіп, мүшелердің жекелеген аймақтарының құрылымы жоғалғандығы байқалды.Завантаження
Номер
Розділ
Современные проблемы биомедицины и биофизики
Як цитувати
Mt.avium туберкулез микобактерияларымен зақымданған үлкен құмтышқан өкпесінің нәзік құрылысы. (2016). ҚазҰУ Хабаршысы. Биология сериясы, 63(1), 310-315. https://bb.kaznu.kz/index.php/biology/article/view/1046








