ARTHROSPIRA PLATENSIS ZTS-2024 ШТАММЫМЕН БАЙЫТЫЛҒАН ARTEMIA PARTHENOGENETICA-НЫҢ БИОХИМИЯЛЫҚ ЖӘНЕ МИКРОБИОЛОГИЯЛЫҚ БАҒАСЫ

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.26577/bb1083202611

Кілт сөздер:

Arthrospira platensis ZTS-2024; Artemia parthenogenetica; биологиялық байыту; көпқанықпаған май қышқылдары

Аңдатпа

Artemia туысына жататын тірі жемдер аквакультурада кеңінен қолданылады, алайда олардың қоректік құндылығы мен микробиологиялық сапасы өсіру жағдайларына тәуелді және биологиялық байыту арқылы жақсартылуы мүмкін. Зерттеудің мақсаты Artemia parthenogenetica-ны Arthrospira platensis ZTS-2024 штаммымен байытудың оның биохимиялық көрсеткіштері мен микробиологиялық сапасына әсерін бағалау болды. Балқаш көлінің оңтүстік-шығыс тұзды аймағынан (Жетісу облысы, Қазақстан) бөлініп алынған Arthrospira platensis ZTS-2024 штаммы Artemia parthenogenetica-ны 18 және 24 сағат бойы байыту үшін қолданылды. Аминқышқылдық және май қышқылдық құрам, культивацияланатын бактериялардың жалпы саны, Vibrio spp. және гемолитикалық бактериялар саны анықталды. Тәжірибе үш биологиялық қайталанымда жүргізіліп, деректер екі факторлы дисперсиялық талдау және Тьюки тесті арқылы өңделді. Байыту бірқатар аминқышқылдары мен көпқанықпаған май қышқылдарының, соның ішінде эйкозапентаен (EPA) және докозагексаен (DHA) қышқылдарының мөлшерін арттырды; ең айқын өзгерістер 24 сағаттан кейін байқалды. Осы мерзімде байытылған топтағы культивацияланатын бактериялардың жалпы саны 670 ± 430 КТБ·дара⁻¹ болды, бұл тиісті бақылаудан 87,1 %-ға төмен; гемолитикалық бактериялар саны 93,6 %-ға, ал Vibrio spp. саны 90,8 %-ға азайды. Жұмыс жергілікті Arthrospira platensis штаммын қолдану арқылы Artemia-ның биохимиялық және микробиологиялық құндылығын бір мезгілде жақсарту жөніндегі деректерді толықтырады. Нәтижелердің практикалық маңызы Arthrospira platensis ZTS-2024 штаммын аквакультураға арналған тірі жемді дайындау технологиясында пайдалану мүмкіндігімен байланысты.

Автор өмірбаяндары

  • Д. Салауат, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті

    Дамыс Салауат (хат-хабар авторы) – PhD докторанты, зоология, гистология және цитология кафедрасы, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, әл-Фараби даңғылы, Алматы, Қазақстан. E-mail: salauat.damys@mail.ru

  • Д.С. Батаева, Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті

    Батаева Дариға Серікқызы – PhD, қауымдастырылған профессор міндетін атқарушы, Жаратылыстану институты, «Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті» КеАҚ, Әйтеке би көшесі, Алматы, Қазақстан. E-mail: batayeva.d@qyzpu.edu.kz

  • Г.Б. Джумаханова, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті

    Джумаханова Гаухар Бактияровна – PhD, ғылыми қызметкер, Ботаника және фитоинтродукция институты, Тимирязев көшесі, Алматы, Қазақстан. E-mail: Gkaznu@gmail.com

  • С.Т. Алимова, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті

    Алимова Софиахан Тилешовна – PhD, доцент міндетін атқарушы, зоология, гистология және цитология кафедрасы, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, әл-Фараби даңғылы, Алматы, Қазақстан. E-mail: alimovasofiya@gmail.com

  • Ж.С. Омарова, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті

    Омарова Жанар Сағатовна – аға оқытушы, биология ғылымдарының кандидаты, зоология, гистология және цитология кафедрасы, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, әл-Фараби даңғылы, Алматы, Қазақстан. E-mail: omarova.zh19@gmail.com

  • А. Йылдыз, Акдениз университеті, Балық шаруашылығы факультеті, Анталия, Түркия

    Алпер Йылдыз – PhD, ғылыми ассистент, Акдениз университетінің Балық шаруашылығы факультеті, Анталия, Түркия. E-mail: alperyildiz@akdeniz.edu.tr

Жарияланды

2026-09-20

Журналдың саны

Бөлім

БИОТЕХНОЛОГИЯ

Осы автордың (немесе авторлардың) ең көп оқылатын мақалалары