А МҰНАЙ ӨҢДЕУ ЗАУЫТТАРЫНЫҢ АҒЫНДЫ СУЛАРЫНЫҢ ФОТОТРОФТЫ МИКРООРГАНИЗМДЕРІ ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ БИОРЕМЕДИАЦИЯЛЫҚ ӘЛЕУЕТІН ЗЕРТТЕУ

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.26577/bb108320269

Кілт сөздер:

биоремедиация, мұнай құрамды ағынды сулар, микробалдырлар, цианобактериялар, мұнай көмірсутектері, биодеградация

Аңдатпа

Мұнай өңдеу кәсіпорындарының ағынды сулары су экожүйелеріне айтарлықтай теріс әсер ететін улы көмірсутектердің жоғары мөлшерімен сипатталады.

Зерттеу Атырау мұнай өңдеу зауытының ағынды суларынан (5 сынама алу нүктесі) және «Caspi Bitum» ЖШС-нің техногендік ластанған аумақтарынан (Ақтау қ., М-13 және М-4 сынамалары) микробалдырлар мен цианобактериялардың перспективалы штамдарын бөліп алу және сәйкестендіру, сондай-ақ оларды биоремедиация үдерістерінде қолдану мақсатында жүргізілді.

Өндірістік үлгілерден фототрофты микроорганизмдердің 25 культурасы бөлініп алынды. Өсу жылдамдығының жоғары көрсеткіштері мен мұнай көмірсутектерінің әсеріне төзімділігі негізінде әрі қарай зерттеу үшін ең перспективалы 10 изолят таңдап алынды. Олардың қатарында цианобактериялар (Anabaena sp., Nostoc sp., Phormidium sp., Oscillatoria sp., Synechococcus sp.), жасыл микробалдырлар (Chlorella sp., Tetradesmus sp., Desmodesmus sp., Pediastrum sp.) және диатомды балдырлар (Navicula sp.) анықталды.

Алдын ала скрининг барысында дақылдардың оптикалық тығыздығы (OD) 14 тәулік ішінде 0,15-тен 0,95–1,85-ке дейін артты. Эксперимент нәтижелері бойынша мұнай көмірсутектерін жою тиімділігі ағынды су концентрациясына (25%, 50% және 75%) байланысты 10 тәуліктің соңында 31%-дан 88%-ға дейін өзгерді. Биодеградацияның ең жоғары тиімділігі ағынды судың 25% концентрациясында байқалды. Микробалдырлар арасында ең жоғары потенциалды Chlorella sp. және Tetradesmus sp. көрсетті, олар мұнай өнімдерінің мөлшерін тиісінше 88% және 84%-ға төмендетті. Цианобактериялар арасында мұнай көмірсутектерін ыдыратудың ең жоғары қабілеті Nostoc sp. штаммында анықталды, оның тазарту тиімділігі 85%-ды құрады. Сондай-ақ Anabaena sp. және Phormidium sp. штаммдары жоғары нәтижелер көрсетіп, мұнай көмірсутектерінің тиісінше 75% және 71%-ын жойды.

Алынған нәтижелер мұнаймен ластанған өндірістік ағынды суларды биологиялық тазарту жүйелерінде қолдану үшін бөлініп алынған жергілікті микробалдырлар мен цианобактериялардың жоғары биотехнологиялық әлеуетін көрсетеді.

Автор өмірбаяндары

  • A.A. Даулетова, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті

    Даулетова Алиям Абликимовна – әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің биотехнология кафедрасының докторанты (Алматы, Қазақстан, e-mail:dauletova.aliyam13@gmail.com)

  • K. Болатхан, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті

    Болатхан Кенжегүл – PhD, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің биотехнология кафедрасының ассоциирленген профессоры (Алматы, Қазақстан, e-mail: bkenzhegul23@gmail.com)

  • A.A. Какимова, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті

    Какимова Ардақ Болатовна – PhD, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің биотехнология кафедрасының аға оқытушысы, Қ. И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университеті қауымдастырылған профессоры (Алматы, Қазақстан, email: ardakkakimova1@gmail.com)

  • Г.А. Ахметова, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті

    Ахметова Гүлнәз Асқарқызы – PhD-докторанты, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің биотехнология кафедрасының аға оқытушысы (Алматы, Қазақстан, email: gulnaz_akhmetova92@mail.ru)

  • А. Аскар, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Алматы, Қазақстан

    Асқар Айдана – әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың биология және биотехнология факультетінің биотехнология кафедрасының магистранты (Алматы, Қазақстан, email: aydana.askr.04@mail.ru)

  • D. Ozcimen, Йылдыз техникалық университеті, Ыстамбұл, Түркия

    Дидем Озчимен – Йылдыз техникалық университетінің химия және металлургия инженериясы факультетінің биоинженерия кафедрасының профессоры (Ыстамбұл, Түркия, e-mail: didem.ozcimen@gmail.com)

  • Б.К. Заядан, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті

    Заядан Болатхан Казыханұлы (корреспонденттік автор)  – биология ғылымдарының докторы, ҰҒА-ң Академигі, биотехнология кафедрасының профессоры, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің «AlgaBioTech» халықаралық ғылыми-зерттеу орталығының директоры (Алматы, Қазақстан, email: zbolatkhan@gmail.com)

Жарияланды

2026-09-20

Журналдың саны

Бөлім

БИОТЕХНОЛОГИЯ

Осы автордың (немесе авторлардың) ең көп оқылатын мақалалары