ҚАЗАҚТЫҢ ҚҰЙРЫҚТЫ ҚЫЛШЫҚ ЖҮНДІ ҚОЙ ТҰҚЫМЫНА ЖҮРГІЗІЛГЕН ФИЛОГЕНЕТИКАЛЫҚ ТАЛДАУ
DOI:
https://doi.org/10.26577//bb108320268Кілт сөздер:
филогенетика, секвенирлеу, генетикалық әртүрлілік, D-ілмегі, ДНҚ маркерлер, SNP50 , ПТРАңдатпа
Бұл зерттеуде Қазақстанда өсірілетін қазақтың құйрықты қылшық жүнді қой тұқымының генетикалық әртүрлілігін анықтау мақсатында ұзындығы 840 жұп нуклеотидтен (ж.н.) тұратын митохондриялық ДНҚ-ның (мтДНҚ) D-ілмек аймағындағы SNP-полиморфизмдер негізінде филогенетикалық талдау жүргізілді. Зерттеу үлгілері ретінде популяциядан барлығы 80 қой кездейсоқ таңдап алынды. Перифериялық қан үлгілерінен ДНҚ бөлініп алынып, полимеразды тізбекті реакция (ПТР) әдісімен амплификация жүргізілді. Амплификацияланған өнімдерді секвенирлеу нәтижесінде нуклеотидтік құрамы 31,46% аденин, 36,19% тимин, 16,42% гуанин және 15,93% цитозинді құрады. Алынған нуклеотидтік тізбектер NCBI деректер базасында қолжетімді үй қойлары мен жабайы муфлондардың референстік тізбектерімен салыстырылды. MEGA X бағдарламасы арқылы жүргізілген филогенетикалық талдау қазақтың құйрықты қылшық жүнді қой тұқымының тізбектері 98–100% жоғары bootstrap статистикалық қолдауымен жеке кластер түзетінін көрсетті, бұл талдауға енгізілген референстік қой популяцияларынан айқын генетикалық дифференциациясын көрсетеді. Сонымен қатар, қазақтың құйрықты қылшық жүнді қой тұқымы моңғол, тибет және гиссар қой тұқымдарымен жақын генетикалық туыстықты көрсетті. Ал еуропалық қой тұқымдары филогенетикалық ағашта генетикалық қашықтықтың жоғары болуымен ерекшеленді, бұл олардың әртүрлі эволюциялық линияларға жататынын көрсетеді.








