ҚАЗАҚСТАН ФЛОРАСЫНДАҒЫ BRYONIA MELANOCARPA NABIEV ӨСІМДІГІНЕ ЖҮРГІЗІЛГЕН ФИТОХИМИЯЛЫҚ ЗЕРТТЕУ ЖӘНЕ ЭЛЕМЕНТТІК ҚҰРАМЫ
DOI:
https://doi.org/10.26577/bb108320262Кілт сөздер:
Bryonia melanocarpa, фитохимиялық талдау, элементтік құрам, хроматография, биологиялық белсенді заттар, дәрілік өсімдік, фитотерапия.Аңдатпа
Қазақстан флорасындағы дәрілік өсімдіктерді зерттеуге деген қызығушылықтың артуына байланысты, химиялық құрамы мен фармакогностикалық құндылығы жеткілікті зерттелмеген түрлерге ерекше назар аударылуда. Солардың бірі - биологиялық белсенді қасиеттерге ие болуы мүмкін Bryonia melanocarpa өсімдігі. Зерттеудің мақсаты - Қазақстанның табиғи жағдайында өсетін B. melanocarpa өсімдігінің жер үсті бөлігінің фитохимиялық және элементтік құрамын анықтап, оның шикізаттық және емдік әлеуетін бағалау. Жұмыс барысында өсімдік шикізатының физика-химиялық көрсеткіштері (ылғалдылығы - 9,39 %, күл мөлшері - 7,50 %, экстракт шығымы - 1,1087 г), макро- және микроэлементтердің спектрлік талдауы, сондай-ақ ультрадыбыстық экстракттағы органикалық қосылыстардың хроматографиялық идентификациясы жүргізілді. Зерттеу нәтижесінде физиологиялық маңызды элементтер (K, Ca, Mg, Fe) мен биологиялық белсенді заттар – β-ситостерол, Е дәрумені, stigmastan-3,5-diene және жоғары сәйкестікпен анықталған алкандардың бар екені анықталды. Алынған нәтижелер B. melanocarpa өсімдігінің фармакогностикалық құндылығын дәлелдейді және оны фитотерапияда қолдануға арналған табиғи қосылыстардың перспективті көзі ретінде әрі қарай зерттеудің маңыздылығын көрсетеді.








