RHODIOLA SEMENOWII ТАМЫРЫ МЕН ТАМЫРШАСЫНЫҢ АНАТОМИЯЛЫҚ САРАПТАМАСЫ

Авторлар

Кілт сөздер:

дәрілік өсімдіктер, гистохимия, ксилема, флоэма, тамыр

Аңдатпа

Отандық дәрілік өсімдік наменклатурасының санын арттыру және жаңа дәрілік препараттарды алу үшін жабайы өсімдіктерді зерттеп қосу қажет. Осындай өсімдіктердің жаңа өкілдердің бірі Rhodiola Semenovii Boriss. Rhodiola Semenowii (Regel & Herder) Borissөсімдігінің фармакологиялық қасиеттерін талдаудың бірінші кезеңі болып әдебиет көздерінің деректерінесәйкес, тамыр мен тамыршаны талдау кезінде бөлінгенфенолды гликозидтер, флавоноидтер, дубилді заттар, эфир майлары, макро- және микроэлементтер, және т.б.Бұл зерттеудің мақсаты - Rhodiola semenowii Boriss өсімдігінің жер асты мүшелерінің анатомиялық ерекшеліктерін гистохимиялық талдау және бағалау.Зерттеулер көрсеткендей  Rhodiola semenowii Boriss өсімдігінің тамыр қабығы ақшыл сары түсті. Rhodiola semenowii Boriss өсімдігінің тамырынан микропрепарат кесіндісінен байқалғандай тамыр қабығының паренхимасы борпылдақ және бір тегіс емес, кейбір аймақтарында ірі болып келеді. Шоғырлы құрылымдытамыр жүйесінің өткізгіш шоқтары тамырдың ортасында бірнеше қатарда орналасқан. Флоэманың созылған қима түрінде ерекше орналасуы байқалады. Түбір ксилемасының радиалды құрылымы және осьтік цилиндрдің ортасындағы тамырлардың біркелкі орналасқан. Тамыр мен тамырдың паренхималық тіндерінде қарапайым крахмал дәндері болды. Паренхималық жасушалар әртүрлі құрылымды. Аталған сараптама бізге Rhodiola semenowii Boriss өсімдігінің түрлі мүшелерінде жиналған ББЗ мөлшері мен кездесуін мұқият фитохимиялық сараптама жүргізу кезінде қажет болады.

Жүктеулер

Жарияланды

2021-01-31

Осы автордың (немесе авторлардың) ең көп оқылатын мақалалары